Киіктерді қорғау жұмысы күшейтілуде

Киіктерді қорғау жұмысы күшейтілуде

Киіктерді қорғау жұмысы күшейтілуде
ашық дереккөзі
Қызыл кітапқа енген ен даланың еркесі жезкиіктердің екі мыңнан астамы Ертіс өңірін мекендейді. Сондықтан, Ертіс өңірінде киіктерді қорғау жұмысы күшейтілді, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Қазіргі таңда жануарларды қорғау жұмысы күшейтілген. Нәтижесінде соңғы бірнеше жылдың ішінде Май және Баянауыл аудандарының жазығын жайлаған киіктердің қарасы едәуір көбейген. Ал арқарлардың саны мыңға жуықтапты. Дегенмен ниеті бұзық браконьерлерден төнген қауіп сейілмей тұр. Баянауыл және Май аудандарының шекарасында орналасқан Қуыстам қыстағында киіктер мен мен арқарларды қорғау мақсатында арнайы бөлімше ашылды. Мамандар күн, түн демей, айналадағы 50-60 шақырымдық жерде жүретін дала серкелерінің әр қадамын бағады. Қазіргі таңда Павлодар аймағында екі жарым мыңнан астам киік пен мыңға жуық арқар бар. Десе де, браконьерлердің кереғар ісі тыйылар емес. Елімізде жыл басынан бері 46 дерек тіркелген. Мамандардың айтуынша, оларға аңдардың етінен гөрі мүйізі қымбат. Бақылау жұмыстары қазіргі кезде, яғни киіктердің күйлеу кезеңінде күшейтіледі. Осы сәтте сезімтал жануарларға тыныштық қажет. Бүгінде елімізде жезкиіктердің көші-қонын, олардың көбеюін спутниктік жүйе арқылы бақыланады. Еліміз бойынша 130-ға жуық ақбөкенге мойынжіп тағылған. Ертіс өңірінің киелі жануарларына да қарғыбау салынды. Арнайы рейд барысында екі ауданның шекарасындағы аумақ бақыланды. Жуырда өңірде киіктерді атып өлтірген үш браконьер ұсталған. Сондықтан осы аумаққа кірген әр көлік жіті тексеріледі.