Салық төлеушілерге жеңілдіктер қарастырылуда

Салық төлеушілерге жеңілдіктер қарастырылуда

Салық төлеушілерге жеңілдіктер қарастырылуда
ашық дереккөзі
Тау-кен компаниялары үстеме табыс салығынан босатылуы мүмкін, – деп хабарлайды Астана арнасы. Арнаның хабарлауынша, мұндай мәлімдемені Сенат комитетінде жаңа салық кодексін таныстырған ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов жасаған. Руслан Дәленовтің сөзінше, инвестор үстеме пайдаға салық салынатынын көрсе, құятын қаржысын шектейді. Алайда сұйық көмірсутек бағытында үстеме табысқа салынатын салық сол күйі қалады. «Әлемдік тәжірибені ескере отырып, тау-кен саласындағы үстеме табыс салығын алып тастап, ол салмақты көмір экспортының рента салығына аударуды ұсынамыз. Әлемдік тәжірибеде тау-кен саласы үшін мұндай салық қарастырылмаған. Негізінен салықты көмір өндіруші компаниялар төлеп келді. Қазір де үстеме табысқа салынатын салықты тек көмір өндірушілер төлейді. Сондықтан оны алып тастап, рента салыққа ауыстыруды ұсынып отырмыз», – дейді ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов. Қаралып жатқан жаңа салық кодексінде интернетте саудасын қыздырғандарға да жағымды жаңалық бар. Whatsapp, Instagram әлеуметтік желілерінде саудамен айналысатындар корпоративті табыс салығы мен жеке табыс салығынан босатылмақ. Ұлттық экономика вице-министрі бұл жеңілдік электронды сауданы дамытып, оны заңдастыруға мүмкіндік береді деп отыр.