"Евровидение-2018" байқауына 42 ел қатысады

"Евровидение-2018" байқауына 42 ел қатысады

"Евровидение-2018" байқауына 42 ел қатысады
ашық дереккөзі
Биыл "Евровидение-2018" ән байқауы Лиссабонда өтеді. Конкурсқа 42 елдің өкілдері қатыспақ. 63-ші рет өткізілгелі отырған конкурсқа қатысушылар тізімінде Албания, Армения, Австралия, Австрия, Азербайжан, Беларусь, Бельгия, Болгария, Хорватия, Кипр, Чехия, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Грузия, Грекия, Венгрия, Исландия, Ирландия, Израиль, Италия, Латвия, Литва, Мальта, Молдавия, Черногория, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Сан-Марино, Сербия, Словения, Испания, Швеция, Швейцария, Украина және Ұлыбритания, Ресей бар. 2017 жылы мамырда Киевте өткен байқауда Сальвадор Собралдың жеңісінен соң Португалия байқауды өткізу құқығына ие болған еді. Әнші өз тілінде лирикалық  "Amar pelos dois" әнін орындаған еді. "Евровидение"  жартылай финалы 8-10 мамырда, ал финал 12 мамырда болады.