Техникалық білім бес өңірде тегін оқытылады
Техникалық білім бес өңірде тегін оқытылады
Еліміздің 5 өңірінде тегін техникалық білім беруге арналған жылжымалы оқыту кешендері өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Пилоттық жоба ретінде енгізілген жылжымалы оқыту құралы студенттерді 5 түрлі мамандыққа баулиды. Яғни ниет білдірген адам 6 айда аспаз, шаштараз, дәнекерлеуші сияқты жаңа мамандықты игеріп шығады. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде 1 мың 850 мобильді топ құрылып, олар түлектер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоба ұзақ және қысқа мерзімді оқыту жүйесі бойынша жұмыс істейді. Ілкімді бастама нәтижелі болса, келер жылы барлық облысты қамтиды.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:
– Біз уақытқа байланысты жаңа мамандықтарды классификаторға енгізіп отырамыз. Осы мақсатпен биылғы жылы оған 28 мамандық және 130 біліктілік бойынша өзгерістер енгіздік. Оның ішінде бұрын болмаған жаңа мамандықтар да бар.