АҚШ Жапониядан не сатып алады?

АҚШ Жапониядан не сатып алады?

АҚШ Жапониядан не сатып алады?
ашық дереккөзі
Құрама Штат президенті Дональд Трамп Азия сапарының алғашқы бекеті Жапониядағы сапарында болып, Сеулге бет алды. АҚШ пен Жапонияның жоғары лауазымдыларының кездесу отырысы туралы мәліметтерге қарағанда, Трамп Жапониядан АҚШ өндірген әскери қару-жарақтарды сатып алуын үміт еткен көрінеді. Құрама Штат президентінің ойынша бұл әскери техникалар Жапонияда болса, биылғы жылы Солтүстік Кореяның Жапон аралдарынан ұшып өткен екі бірдей зымырандарын да атып құлатады екен. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады. АҚШ президенті дүйсенбі күні Жапония премьер-министрі Шинзо Абемен бірге баспасөз конференциясында мәлімдеме жасады. Ол сөзінде: «Жапонияның АҚШ-тың қару-жарағын сатып алуы екі жаққа бірдей тиімді. Біріншіден, Америка Құрама Штаттары үшін айтарлықтай жұмыспен қамтуды қамтамасыз еткен болады. Екінші, Жапония үшін бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету», – деді. Жапон премьері АҚШ-тың қару-жарағын сатып алуды ұлғайтуға тырысатындарын, қазіргі қолданыста тұрған зымыран қорғаныс жүйелерін жаңартуға мүдделі екендіктерін, сонымен бірге, АҚШ-тың ең озық үлгідегі әскери ауыр техникаларын сатып алу жоспарларының бар екенін жеткізді. Аба Шинзо Жапонияның әскери қуатын сандық және сапалық жақтан арттыруға күш салатынын да айта кетті. Екі елдің жоғары лауазымды өкілдері бірнеше мәрте кездесулер жасап, екі ел арасындағы сауда тапшылығын төмендетіп, экономикалық ынтымақтастықты бекемдей түсуге келісті.