Бишімбаевқа қатысты негізгі сот процесі басталды

Бишімбаевқа қатысты негізгі сот процесі басталды

Бишімбаевқа қатысты негізгі сот процесі басталды
ашық дереккөзі
Астана қалалық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа және осы іс бойынша тағы 22 күдіктіге қатысты негізгі сот процесі басталды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, ашық сот отырысы тәртібінде өтіп жатқан процеске айыпталушылардың туған-туыстары, жақындары және бұқаралық ақпарат құралдары жиналды. Қорғаушылар сотқа бірнеше технологиялық және процессуалдық арыз-шағымдарын білдірді. Алайда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әділхан Шайхисламов олардың біразын қанағаттандырмады. Сондай-ақ, ол осы іс бойынша сот отырыстарының енді күн сайын өтетінін мәлімдеді. Айта кетейік, аталған іске қатысты алдын ала сот тыңдалымы 31қазан күні өткен болатын.