Бишімбаевқа қатысты негізгі сот процесі басталды
Астана қалалық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа және осы іс бойынша тағы 22 күдіктіге қатысты негізгі сот процесі басталды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Арнаның хабарлауынша, ашық сот отырысы тәртібінде өтіп жатқан процеске айыпталушылардың туған-туыстары, жақындары және бұқаралық ақпарат құралдары жиналды. Қорғаушылар сотқа бірнеше технологиялық және процессуалдық арыз-шағымдарын білдірді.
Алайда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әділхан Шайхисламов олардың біразын қанағаттандырмады. Сондай-ақ, ол осы іс бойынша сот отырыстарының енді күн сайын өтетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, аталған іске қатысты алдын ала сот тыңдалымы 31қазан күні өткен болатын.