Қазақстан әйел теңдігі бойынша Қырғызстаннан алда
Қазақстан әйел теңдігі бойынша Қырғызстаннан алда
Қазақстан ерлер мен әйелдер құқықтары бойынша 144 елдің ішінде 52-орын алды, ал Қырғызстан 85-орынға тұрақтаған. Бұл туралы Бүкіләлемдік экономикалық форумда "Жаһандық гендерлік теңдік туралы баяндамада" айтылды.
Орталық Азия елдерінен Қыр,ызстан 85 орында, Тәжікстан 95-орында.
Моңғолия 53 орында.
Зерттеу төрт түрлі бағыт бойынша жүргізілген: денсаулық сақтау, білім беру, экономикалық мүмкіндіктер мен саяси қайраткерлік.
Рейтингте әйел адамдарға жасалған қолайлы жағдай – Исландия, Норвегия, Финляндия, Руанда мен Швеция. Рейтинг соңында Йемен, бұл елде әйел адамдар өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды.
Сарапшылардың есептеуінше, гендерлік мәселелерді шешу барысы әр елде әр түрлі. Бұл теңдік 100 жылдан кейін ғана орнамақ. Былтыр бұл көрсеткіш 83 жылға аз болған. Нақты салалар бойынша теңдік әртүрлі, мысалы еңбек пен экономикадағы теңдікті- 217 жыл күтуге тура келеді. Білім беру саласындағы гендерлік айырмашылық 13 жылдан кейін теңесе алады.