Ресейлік журналистер Сирияда минаға түсіп жараланды
7 қараша, 2017 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Ресейлік журналистер Сирияда минаға түсіп жараланды
Ресейлік «Звезда» және НТВ телеарналарының төрт журналисі мен РФ ҚК бес әскері Сирияда лаңкестердің минасына түсіп, жараланды. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, деп мәлім етті РФ Қорғаныс министрлігі. «6 қарашада Дейр-эз-Зор қаласының тұрғын үй орамдарының бірінде ресейлік БАҚ өкілдері жұмыс жасап жатқан шақта террористердің басқарылатын фугасы жарылған. Жарылыс салдарынан төрт ресейлік журналист: Илья Ушенин (НТВ), Тимур Воронов (НТВ), Константин Худолеев («Звезда») және Дмитрий Стародубский («Звезда»), сондай-ақ жергілікті жерді минасыздандыратын ресейлік Минаға қарсы орталықтың бес әскери қызметшісі зардап шекті»,- деді ведомостводан.
Барлық жараланғандар шұғыл түрде ресейлік Хмеймим әуе базасына (Латакия провинциясы) эвакуацияланып, тиісті медициналық жәрдем көрсетілген. «Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп қосты Қорғаныс министрлігі.