Ресейлік журналистер Сирияда минаға түсіп жараланды

Ресейлік журналистер Сирияда минаға түсіп жараланды

Ресейлік журналистер Сирияда минаға түсіп жараланды
ашық дереккөзі
Ресейлік «Звезда» және НТВ телеарналарының төрт журналисі мен РФ ҚК бес әскері  Сирияда лаңкестердің минасына түсіп, жараланды. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, деп мәлім етті РФ Қорғаныс министрлігі. «6 қарашада Дейр-эз-Зор қаласының тұрғын үй орамдарының бірінде ресейлік БАҚ өкілдері жұмыс жасап жатқан шақта террористердің басқарылатын  фугасы жарылған. Жарылыс салдарынан төрт ресейлік журналист: Илья Ушенин (НТВ), Тимур Воронов (НТВ), Константин Худолеев («Звезда») және Дмитрий Стародубский («Звезда»), сондай-ақ жергілікті жерді минасыздандыратын ресейлік Минаға қарсы орталықтың бес әскери қызметшісі  зардап шекті»,- деді ведомостводан. Барлық жараланғандар шұғыл түрде ресейлік Хмеймим әуе базасына (Латакия провинциясы) эвакуацияланып, тиісті медициналық жәрдем көрсетілген. «Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп қосты Қорғаныс министрлігі.