Асқар Мырзахметовтің Бейжіңдегі сапары барысында бірнеше меморандумға қол қойылды
Асқар Мырзахметовтің Бейжіңдегі сапары барысында бірнеше меморандумға қол қойылды
Асқар Мырзахметовтің Бейжіңдегі сапары барысында бірнеше меморандумға қол қойылды. Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің шақыруымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Бейжіңге барды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады.
Жұмыс сапары барысында А. Мырзахметов ҚХР Ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфу, ҚХР сапаны қадағалау, инспекциялау және карантині жөніндегі бас басқармасының төрағасы Ци Шупин және де қытайдың ірі компанияларымен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу аясында қазақ-қытай арасындағы инвестициялық жобалар, ауыл шаруашылығы, органикалық және ветеринария саласын дамыту барысы талқыланды. Қытай Халық Республикасы Қазақстан экономикасының сондай-ақ, агроөнеркәсіп секторының өсуі мен дамуында Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. Сапар барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Сапаны бақылау, инспекциялау және карантин басқармасының басшысы Қазақстан Республикасынан союға жіберілген жылқы жануарларына арналған карантиндік және денсаулық сақтау туралы хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында сауда саласында және агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар тарту бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. Атап айтар болсақ: «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мен State Development and Investment Corporation арасында Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешен құру туралы 100 млн АҚШ доллары сомасындағы меморандумға; «КазАгро» ҰБХ»АҚ және «Grand China Business Management Co.»компаниясы арасында 100 млн АҚШ долларына бағаланған жоғары сұрыпты бидай өнімдерін шығаратын ферма құру туралы меморандумға; «Азық-түлік корпорациясы» АҚ мен Dalian Commodity Exchange арасында көтерме сауда орталықтарының желісін құру және тауар биржасын ұйымдастыру туралы меморандумға; «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ мен «Grand China Business Management»LTD арасында 20 мың тонна бірінші класты бидайдың экспортына қатысты келісімге; (4,5 млн АҚШ доллары); «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ мен «Grand China Business Management» LTD арасында 2 мың тонна өсімдік майын экспорттау туралы келісімге; (1,5 млн АҚШ доллары); 2018-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы «Қазақстанның ет қауымдастығы» ҚҚ және CITIC Construction арасында сиырлар мен сиыр еті өндірісі және экспорты үшін инфрақұрылым құру туралы келісімге қол қойылды (600 млн АҚШ доллары).