Сауд Арабиясының он ханзадасы тұтқындалды

Сауд Арабиясының он ханзадасы тұтқындалды

Сауд Арабиясының он ханзадасы тұтқындалды
ашық дереккөзі
Тәж ханзадасы Мұхаммед бен Сальман бен Абдель Әзиздің басшылық етуімен сыбайлас жемқорлықпен күресетін Сауд комитеті патша отбасының 10 мүшесі мен патшалықтың бірнеше экс-министрін тұтқындауға санкция жариялады. Бұл туралы 4 қарашада Al Arabiya телеарнасы хабарлады, деп жазады ТАСС. Ақпарат бойынша, комитет Әль-Сауд басқарушы отбасының 10 ханзадасын, сондай-ақ үкіметтің 30 бұрынғы министрін сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен тұтқындаған. "Аль-Маядин" телеарнасы хабарлағандай, күдіктілер арасында медиамагнат Әль-Валид бен Таляль бен Абдель Әзиз Әль Сауд ханзада, 4 қарашада отставкаға кеткен экономика мен жоспарлау министрі Адель Факих, сондай-ақ ұлттық гвардия министрлігінің бұрынғы басшысы Митаб бен Абдалла бен Абдель Әзиз Әль Сауд ханзада да бар. Сауд билігі аталған айып тағылған адамдар тізімін ресми түрде жариялаған жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күресетін жоғары комитет 4 қарашада Сальман бен Абдель Әзиз Әль Сауд патшаның бұйрығымен құрылды. Жаңа орынның міндеті тергеу жүргізу, ұстау мен тұтқындауға ордер беру және күдіктінің елден шығуына тыйым салу болып саналады. 4 қарашада сауд монархы экономика министрлігі, ұлттық гвардия министрлігі, әскери-теңіз министрлігі басшыларын тағайындаған еді. Қазіргі күні Сауд Арабиясында 5 мыңға жуық ханзада бар. Олардың барлығы мемлекеттің бірінші королі Ибн-Саудтың ұрпақтары.