Шетелдік валютадағы депозиттің сыйақы мөлшерлемесі төмендетіледі

Шетелдік валютадағы депозиттің сыйақы мөлшерлемесі төмендетіледі

Шетелдік валютадағы депозиттің сыйақы мөлшерлемесі төмендетіледі
ашық дереккөзі
1 желтоқсанынан бастап шетел валютасындағы депозиттер бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі 1,5%-дан 1%-ға дейін төмендейді. Бұл туралы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру» қорының ресми сайтында жарияланды. Ал теңге бағамындағы депозиттер бойынша сыйақы бұрынғыдай, 14% көлемінде сақталады. Алайда депозит нарығындағы жағдай күрт өзгере қалса, қордың директорлар кеңесінің шешімімен аталмыш мөлшерлемелер қайта қарастырылуы да мүмкін. Екінші деңгейдегі банк салымшыларының құқығы мен заңды мүддесін «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру» қоры қорғайды.