Әйел адамдарға зейнетке шығу үшін көбірек қаржы жинау керек

Әйел адамдарға зейнетке шығу үшін көбірек қаржы жинау керек

Әйел адамдарға зейнетке шығу үшін көбірек қаржы жинау керек
ашық дереккөзі
Әйелдер зейнетақы қорына ерлерден көп қаражат жинауы тиіс. Неліктен? Әйел адамның декреттік демалысы, бала күтіміне байланысты демалысы бар екенін белгілі. Қайткен күнде де ерлерден көп салым жинай алмасы анық.  width=Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова зейнетақы аннуитетін рәсімдеу үшін әйелдердің не себепті ерлерден көбірек ақша жинауы қажеттігін түсіндіріп берді.   «Бүгінде зейнетақы аннуитетінің (жыл сайынғы төлемақы, тұрақты түсім) құнын төлеп алу сомасы әйелдер үшін 12 миллион теңгені құрайды. Мәселен, 50 жаста зейнетақы аннуитетін сатып алып, зейнетақы төлемін алуға болады. Бірақ бұл төлем зейнет жасына жеткенде ғана беріле бастайды. Яғни, әйел 63 жасқа толғанда ғана, зейнетақы төленеді», - деп жауап берді Светлана Жақыпова журналистер сұрағына. «Барлығы мұндай қорды қайдан табамыз дейді. Жинақтың болуы да мүмкін емес, себебі біздегі зейнетақы жүйесіне енді ғана 20 жыл толып отыр», - деп толықтырды өз сөзін вице-министр. Оның айтуынша, адамның қай кезде еңбек нарығына енгенін есептеу қажет. «Мәселен, орташа статистикада адам 17 жаста оқуға түседі және 63 жасқа дейін жұмыс істейді. Демек, 63-тен 17-ні азайтсақ, оның еңбек өтілі 46 жылды құрайды. Зейнетақы жүйесіне зейнетақы қоры сайма-сай болу үшін ең кемі 40 жыл қажет. Ал біздің жүйеге бар болғаны 20 жыл. Әрине, 20 жылда ешкім мұндай соманы жинап үлгермейді. Барлығы 100 мың теңге жалақымен 10 миллион теңге жинаудың мүмкін еместігін айтып, наразы болуда. Әрине, 100 мың теңгені ресми түрде алып, қалған 100 мыңды жасырып қалсаңыздар, бұл соманы ешқашан жинай алмайсыздар», - деп мәлімдеді вице-министр. Сонымен бірге, 50 жаста зейнетақы аннуитетін рәсімдеу үшін әйелдермен салыстырғанда, ерлерден азырақ ақша талап етіледі. «Ерлер үшін әйелдермен салыстырғанда сәл азырақ - 8-10 миллион теңге аралығында төлем талап етіледі. Себебі, ерлерге қарағанда, әйелдердің зейнет жасынан кейінгі өмір сүру кезеңі ұзағырақ», - деп түсіндірді С.Жақыпова.