Жаңалықтар

Еуропа жақындай түсті. Еуропаға рейстер ашылуда

ашық дереккөзі

Еуропа жақындай түсті. Еуропаға рейстер ашылуда

2018 жылы Астана — Вильнюс, Алматы — Рига, Астана — Бухарест жаңа рейстерін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі азаматтық авиация комитеті.   "Қазақстандық SCAT әуе акомпаниясы 2018 жылдың мамырынан бастап Астана — Вильнюс бағытында халықаралық рейс ашуды көздеп отыр. Латвиялық Air Baltic  әуе компаниясы Рига – Алматы бағытында рейс ашады", — деп нақтылады комитет. Румыния елшілігінің мәліметінше, "Таром" румын ұлттық әуе тасымалдаушысы Астана — Бухарест рейсін ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр.