Жаңалықтар

Туберкулезге шалдыққан мұғалім бастауыш сыныпқа сабақ берген

ашық дереккөзі

Туберкулезге шалдыққан мұғалім бастауыш сыныпқа сабақ берген

Алматы облысында бастауыш сынып балаларын оқытқан 37 жастағы мұғалім ауруы асқынып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты, деп хабарлайды КТК. Науқас өкпе дертінің жабық түрімен ауырған дейді дәрігерлер. Ал, Талғардағы мектептің басшылығы сырқат мұғалім ауруханаға түскенше оның туберкулез жұқтырғанынан хабарсыз болыпты. Туберкулез дертін жұқтырған мұғалім ауруханаға түскенше осы жерде бастауыш сыныптарға, нақтырақ айтсақ бірінші сыныпқа сабақ беріп келген. Директордың айтуынша, өз ісіне мығым мұғалімнің біліктілігіне ешқандай шүбə жоқ. Тіпті, оның оның қауіпті дертке шалдыққанын басшылықтан бастап ешкім білмеген екен. Тек, өткен қазан айының 18-і күні сырқаттанып қалғандықтан сабаққа шықпапты. Содан арада он күнге жуық уақыт өткенде, яғни қазанның 27-сі күні оның туберкулезге шалдыққанын естиді. Қазір ол Алматы қаласындағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бізге жеткен мəлімет бойынша, оған туберкулездің жабық түрі деп диагноз қойылған. Сондықтан өзгеге жұғатындай алып бара жатқан қауіп жоқ дегенімен, аудандағы құзырлы орындар аяғынан тік тұрып, мектепте түрлі алдын алу шараларын жасапты. “Дезинфекция жасайтын қызметті шақырдық. Олар мұғалімнің кабинетін толықтай залалсыздандырды. Келесі күні оған жақын орналасқан тағы екі кабинетте тазалау жұмыстары жүргізілді. Өзіміздің қызметкерлер де  арнайы заттармен жуып, барлық алдын алу шараларын жасадық. Сабақ басталғанға екі күн қалғанда мектеп іші толықтай кварцтаудан өтіп, жуып шықтық”, – деді мектеп директоры Гүлмария Ошақбаева. Мұғалім сабақ маусымы басталатын кезде толықтай медициналық тексеруден өткен. Директордың айтуынша, барлығы дұрыс делінген санитарлық кітапшасы да бар екен. Бұл жерде бар кінəрат өкпесі таза деп анықтама берген жеке медициналық орталықта болып отыр.  Дəрігерлерінің ағаттық жібергенін жеке клиниканың басшылығы да растап, кінəларын мойындады. Дəл қазір мұғалім тығыз қарым-қатынаста болған бірінші сыныптың 22 оқушысы түгелдей дəргелердің тескеруінен өтіп. Жаңа ғана өз көзімізбен көрдік, дəрігерлер əлі мектептің ішінде жүр. Сондай-ақ, ұжымдағы 80 оқытушы да жақын күндері тексеруден өтеді. Мектептегі осы төтенше оқиғаның жай-жапсарын кейінірек баяндайтын боламыз.