Қаржы министрі Bank RBK-ға қатысты жағдайға түсінік берді

Қаржы министрі Bank RBK-ға қатысты жағдайға түсінік берді

Қаржы министрі Bank RBK-ға қатысты жағдайға түсінік берді
ашық дереккөзі
Қаржы министрі Bank RBK-ға қатысты жағдайға түсінік берді. ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Bank RBK- ға қатысты жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ұлттық банкпен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде Үкімет біздің квазимемлекеттік сектормен, кәсіпорындармен бірлесе проблеманы шешуде.  Сондықтан да әзірге қандай да бір нәтижелер жайында айту ертерек», - деді министр Мәжілісте өткен Үкімет сағатында. Өткен аптада Астанада «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Тұтынушылар ұлттық палатасы» РҚБ президенті Светлана Романовская соңғы кездерде «Bank RBK» АҚ-ға қатысты ахуал қиындағанын, оның салдарынан банк клиенттеріне тиісті деңгейде қызмет көрсетілмей жатқанын атап өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған проблемамен жақсы таныс екенін жеткізді. «Бұл мәселе негізінен өздерінің адамдарын қаржыландыру үшін акционерлер тарапынан жасалған ұрлыққа қатысты. Осы тұрғыда акционерлерді тиісті тәртіпке келтіретін боламыз. Ұрылар өздеріне «лайықты жерде» отыруы керек. Оларды ақшаны қайтаруға мәжбүрлейміз, яғни осы банктің жұмысын тұрақтандыруға тырысамыз.