Путинге қарсы шеруге шыққандар тұтқындалды

Путинге қарсы шеруге шыққандар тұтқындалды

Путинге қарсы шеруге шыққандар тұтқындалды
ашық дереккөзі
Ресейде осы жексенбі күні өткен Владимир Путинге қарсы шеруге қатысқан 400 адам тұтқындалған. Олар қала көшелеріндегі наразылық шарасына Вячеслав Мальцевтың ғаламтордағы "Путиннің тираниясына қарсы революция" ұйымдастыру туралы радикалды үндеуінен кейін шыққан. OVD-Info мәліметінше, жалпы 412 адам (376 - Мәскеу, 13-Санкт-Петербург) қолға түскен. APF ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу полициясы 263 адамды құрықтағанын хабарлады. TASS ақпараттық агенттігінің дерегінше, шеру қатысушыларының қолында пышақтар мен резеңке оқ ататын тапаншалар болған. APF ақпараттық агенттігінің фотографы оқтан қорғайтын кеудешелер киген полиция қызметкерлері белсенділерді бірінен-соң бірін Кремльге жақын маңдағы алаңнан ұстап алып кеткен. Ресей Президентіне қарсы атышулы шерулерді осыған дейін Алексей Навальный ұйымдастырып еді. 2018 жылғы Президент сайлауына үміткер тұлғаның шерулері де полицияның қатысуымен және бірнеше жүздеген адамдардың тұтқындалуымен аяқталған.