Сыр өңірі су тасқынының алдын алу шараларын бастады

Сыр өңірі су тасқынының алдын алу шараларын бастады

Сыр өңірі су тасқынының алдын алу шараларын бастады
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу шаралары басталды, – деп хабарлайды  24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, қарашаның жиырмасынан бастап Сырдарияға құйылатын су мөлшері  ұлғаяды. Себебі қазіргі уақытта Қырғызстан мен Тәжікстандағы су қоймалары ернеуіне жеткен. Сондықтан алдағы уақытта төмен қарай ағатын су көлемі секундына 3 мың текше метрден асады деп болжанып отыр. Қазірдің өзінде Қызылорда облысының аумағынан Сырдария өзені арқылы секундына 930 текше метр су өтіп жатыр. Осыған орай өзен арнасының осал тұстарын нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 662 млн теңге бөлінді. Қауіп төнуі мүмкін аумақтар қатарында өзеннің Қызылорда қаласы тұсындағы бөлігі бар. Бұл маңайға қазір қосымша бөгет тұрғызылып жатыр. «91 қауіпті учаскенің барлығы бөлініп берілген. Соның 27-сі облыс тарапынан жасалынып жатқан. Қазіргі таңда соның 20-сы аяқталып тұр. Қалған жетеуінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалған 62-сі «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы тарапынан атқарылуда, қазір 40 учаскесінде жұмыстар аяқталып, қалғандарында жұмыстар жүріп жатыр. Оның барлығын 20 қазанға дейін аяқтаймыз деп күтіп отырмыз»,  – дейді Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов.