Нигерияда содырлар 43 адамды өлтіріп, 8 мешітті қиратып тастаған
Нигерияда содырлар 43 адамды өлтіріп, 8 мешітті қиратып тастаған
Алла үйіне шаубылдағандар «Боко Харам» радикалдық тобының содырлары. Радикалдар елдің солтүстік-шығысында орналасқан Губио қаласына басып кіріп 41 ересек адамды, екі баланы өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Губио қаласына басып кірген 50-ге тарта адамнан тұратын экстремистер жасағы жергілікті тұрғындарың 400-ге жуық үйін өртеп, көліктерін жағып жіберген. Олар "жолдан жаңылысқан" деп сегіз мешіті, төрт мектеп және қалалық әкімшілік ғимаратын қиратқан. Баспанасыз қалған тұрғындар құрылыстарды қалпына келтіруді талап етуде.
«Боко Харам» радикалдық тобының содырлары Нигерияның солтүстік-шығысында ислам халифатын құрып, шариғат нормаларын (ислам құқығын) енгізуді көздейді.