Жамбыл облысындағы жетімдер үйінде балалар саны 50 пайызға азайды

Жамбыл облысындағы жетімдер үйінде балалар саны 50 пайызға азайды

Жамбыл облысындағы жетімдер үйінде балалар саны 50 пайызға азайды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілердің саны 50%-ға дейін төмендеді, деп хабарлады 24.kz. Бұл жеткіншектерді отбасылық тәрбиеге берудің инновациялық түрлерін дамытудың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Сонымен қатар 5 жылда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға арналған 2 мекеме жабылған. Ал отбасылық үлгідегі балалар үйлерінің саны 15-ке жетті. Қазір онда 63 бала тәрбиеленіп жатыр. Жыл басынан бері облыс бойынша 78 бала асырап алынған. Жалпы өңірде бүгінгі күні 1500-ден астам осындай бала бар. Олардың 1126-сы қорғаншылық пен қамқоршылықта, 139-ы патронаттық тәрбиеде. Мұхтар Керімбеков, облыстық білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің жетекшісі: - Балалар үйінде 400-ден аса бала болды. Қазір ол жерде – 209. Балалар саны 50%-дан астам кеміді. Бұл балаларды отбасылық тәрбиеге берудің арқасында болды. Биылдың өзінде 53 бала балалар үйінен отбасылық тәрбиеленуге орналасты. Соның есебінен осында жылдан-жылға балалар саны азайып келе жатыр.