Жаңалықтар

5-қабаттан секіріп кеткен қостанайлық қыз аман қалды

ашық дереккөзі

5-қабаттан секіріп кеткен қостанайлық қыз аман қалды

Оқиға 3 қараша күні Қостанай қаласында орын алған. Ақпаратты Қостанай облысы бойынша ІІД баспасөз қызметі растады. Бұл туралы Alau.kz хабарлады. 3 қараша күні Қостанай қаласындағы Строительная көшесінде 26 жастағы тұрғын өзіне қол жұмсамақ болып, үйдің 5-қабатынан секіріп кетті. Көптеген жарақат алған қыз  қалалық ауруханаға жеткізілді. «Бізге бірнеше жарақат алған қызды жеткізді. Оның жамбасы сынған. Мұндай жағдайдан кейін аман қалғаны таңғаларлық. Қазір ол травматология бөлімінде ем алып жатыр», – дейді Қостанай қалалық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов. Аталған факті бойынша  ҚР ҚК 105 бабына (Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.