Bank RBK: Ұрылар отыруы тиіс

Bank RBK: Ұрылар отыруы тиіс

Bank RBK: Ұрылар отыруы тиіс
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев Bank RBK жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесі отырысында "Қазақстан ұлттық тұтынушылар лигасыныны" басқарма төрағасы Светлана Романовская Нұрсұлтан Назарбаевқа Bank RBK жайлы баяндады. "Қазіргі уақытта RBK банкіне қатысты мәселе туындап тұр. Біздің көзқарасымыз бойынша банк әділетсіз әрекет істеп отыр. Маусым айынан бастап олардың жағдайы қиындап келеді, барлық салымшылар, клиенттер, соның ішінде кәсіпкерлер құрдымға кетіп жатыр. Мен сізден өтінемін, біз сіздің халық үшін істеп жатқан еңбегіңізді білеміз... Сіздің ипотекашыларға көмектескеніңіз де есімде. Біздің партия сіздің бастамаңызбен шешім қабылдады. Bank RBK салымшыларына көмектесуіңізді сұраймын", -  деді ол.   "Мен бұл мәселені білемін. Жақсы білемін. Онда не болғанын да білемін. Бұл жерде акционерлердің қаражат жымқыруы...", - деді Мемлекет басшысы.  "Біз оны қайта қалпына келтіреміз. Ұрылар өздері отыруы керек жерде отыратын болады. Ақшаны қайтаруын талап етіп, банк жұмысының қайта қалпына келуі үшін тырысатын боламыз. Акционерлер мен әсіресе қарапайым адамдар өз қаражаттарын алуы керек. Онда тағы бірнеше мәселе бар. Қазіргі уақытта Ұлттық банкпен белсенді түрде жұмыс істеп жатыр", - деді Назарбаев,