БҚО тұрғынынан киіктің 80 мүйізі тәркіленді

БҚО тұрғынынан киіктің 80 мүйізі тәркіленді

БҚО тұрғынынан киіктің 80 мүйізі тәркіленді
ашық дереккөзі
Атырау тас жолында 2 қараша күні сағат 03:00 шамасында киіктің 80 дана мүйізін автокөлігімен алып бара жатқан БҚО тұрғыны ұсталды.  Бұл туралы ақпаратты ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2017 жылдың 2 қарашасы күні «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Орал аймақтық филиалының Қазталов тірек пунктінің инспекторлары БҚО ІІД қызметкерлерімен, СҚО ІІД табиғат қорғау жөніндегі полиция қызметкерлерімен бірге рейд жүргізген. Рейд барысында сағат түнгі 03:00 шамасында Орал - Атырау тас жолында «Лада Калина» маркалы автокөлік тоқтатылған. Онда отырған Орал қаласының тұрғынының автокөлігін тексеру барысында қапқа салынған киіктің 80 мүйізі табылды», - делінген хабарламада. Аталған іс бойынша материалдар БҚО ІІД-не тергеу жүргізу үшін тапсырылды. «Қосымша ақпарат кейін хабарланатын болады», - дейді Сәкен Ділдахмет Фейсбук парақшасында.