Жаңалықтар

Алты сүт-тауар фермасы ашылады

ашық дереккөзі

Алты сүт-тауар фермасы ашылады

Павлодар облысында жаңа алты сүт-тауар фермасы ашылады. Павлодар облысында жаңадан ашылатын алты сүт-тауар фермасы сүт өңдеу кәсіпорындарына шикізат жеткізуді жандандыра түседі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Кәсіпкерлер мен жергілікті биліктің сүт өнімдері саласын дамыту жөніндегі жоспарлары жайында Павлодар ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Болат Бақауов айтты. «Павлодар облысында жыл соңына дейін жаңа технологиялар негізінде салынған алты сүт-тауар фермасын іске қосамыз. Қазір облыстағы сүт зауыттары 80% шикізатпен қамтылған, ал жаңа фермалар оларды сүтпен толық қамтамасыз ету мүмкіндігін береді. Қазір мамандарымыз аграрлық комиссиямен кеңесіп, егжей-тегжейлі зерттеп жатыр», - дейді облыс әкімі. Болат Бақауов Павлодар ауданының Луганск және Розовка ауылдарында салынып жатқан екі сүт-тауар фермасына барды. 250 миллион теңге қаржы құйылған «Луганск» кооперативіндегі ферманың құрылысы 80%-ке аяқталған, ал «Киров» ЖШС жобасына 816 миллион теңге бөлінген, ферманың құрылысы 90 процентке орындалған. Павлодар облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, ферманың екеуі де жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.