Сот Бишімбаевты қылмыстық жауапкершіліктен босату өтінішін қабылдамады

Сот Бишімбаевты қылмыстық жауапкершіліктен босату өтінішін қабылдамады

Сот Бишімбаевты қылмыстық жауапкершіліктен босату өтінішін қабылдамады
ашық дереккөзі
Сот Бишімбаевты қылмыстық жауапкершіліктен босату өтінішін қабылдамады. Биыл 7 қараша Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен істің өзге де 22 фигурантына қатысты басты сот отырысы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Сот отырысы кезінде судья 23 фигурант адвокаттарының оқыған өтініштерінің көбін қанағаттандырмай тастады. Мұның алдында Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары бұрынғы министрге қатысты айыптардың негізсіз деп, оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұраған.  Адвокаттар Мусин мен Рахманов айыпталушы Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтату өтінішін оқыды. Сот бұл мәселені талқылауға салды: бұл кезеңде дәлеледер бағаланбайды және зерттелмейді. Тек сот отырысында судья куәгер, айыпталушы, зардап шегуші тарап пен мамандарды тыңдап, заттық дәлеледерді қарау керек. Осыған байланысты өтінішті бұл кезеңде қанағаттандыру мүмкін емес", - дейді судья Әділхан Шайхисламов.  Сонымен қатар, судья істің өзге де фигуранттарының қорғаушылары сұраған бұлтарпау шарасын өзгерту туралы өтініштерін қанағаттандырмады. Еске салайық, Қуандық Бишімбаев пен бұл істің өзге де 22 фигурантына қатысты алдын ала тыңдаулар 31 қазанда басталған. Бүрынғы ұлттық экономика министрі ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тарауы "Пара алу" және 189-бабының 4-тарауының 2-тармағы "Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену немесе талан-таражға салу" бойынша айыпталуда.