Жолдарды жаңғырту – маңызды іс

Республикамыздың өмірінде жолдардың, оның ішінде автомобиль жолдарының атқаратын рөлі ерекше. Кең байтақ елімізді үлкен бір  тірі организм десек, жолдар соның түкпір-түкпіріне қан жүргізетін артериялар секілді. Басқа аймақтарға қарағанда Шығыс Қазақстан облысының жолдары да  көп, ұзындығы да артық болғандықтан, бұл өңірде осы салада атқарылатын шаруалар да қыруар. «Қазавтожол» ҰК» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Нұрланбек Балықбайұлы Өмірбаев Шығыс Қазақстан облысы жолдарының жайын бүге-шүгесіне дейін білетін жан.

Сондықтан ол кісімен әңгімелесудің өзі өңірдің географиялық картасын көз алдыңа әкелгендей болады.

– Нұрланбек Балықбайұлы, елімізде инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы жасалғаны аян. Алдымен осы маңызды бағдарлама туралы ойыңызды білсек.

– Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында жасалған. Бұл бағдарлама Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент, Өскемен қалаларын ұлттық және халықаралық деңгейдегі хаб-қалалар ретінде айқындай отырып, еліміздің макроаймақтарын қалыптастыру жолымен Қазақстанның біртұтас экономикалық нарығын жасауға бағытталған. Аталмыш хаб-қалалар макроаймақтардың экономикалық белсенділік, капиталды, ресурстарды, озық технологиялар мен қызметтерді шоғырландыру орталықтарына айналады, сөйтіп табиғи урбанизациялануға мүмкіндік жасайды.

Хаб-қалаларды дамыту және макроаймақтарды интеграциялау транспорттық, индустриалдық, тұрғын үйлік, әлеуметтік және энергетикалық инфрақұрылымдарды тиімді дамыту негізінде қамтамасыз етіледі және құрылыс материалдарына, өнеркәсіп өнімдері мен қондырғыларға елеулі сұраныс туғызады, өңдеуші өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік жасайды.

Бүтіндей алғанда инфрақұрылымды дамыту мен кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттік инвестицияларды арттыру арқылы аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру қысқа мерзімдік перспективада экономикалық өсімге мүмкіндік жасап қана қоймай, ұзақ мерзімдік перспективада да тұрақты түрде өсуге алғышарттар жасайды.

– Бұл бағдарлама бойынша Шығыс Қазақстанда қандай шаруалар атқарылмақ? Әрине, жол саласын меңзеп отырмыз…

– «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында жаңа жұмыс орындары ашылады, бұл ретте мүгедектердің, студенттердің және жас мамандардың жұмысқа орналастырылуының міндетті шарттары белгіленген. Бұл бағдарлама бойынша құрылыс материалдары қазақстандық болуы тиіс, мұның өзі өңір экономикасының өсуіне оңды әсерін тигізеді. Сонымен қатар өңірдің автомобиль жолдарын реконструкциялау бағдарламасында қазіргі талаптарға сай келетін жол бойындағы сервистерді қалыптастыру да көзделген. Бұл ретте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, кәсіпкерлерді де кеңінен іске тартудамыз.

Жол желілерін реконструкциялаудың арқасында жолдардың сапасы жақсарады, көлік қозғалысының жылдамдығы артады, бұл өз кезегінде жүктер мен жолаушылар тасымалдаудың ауқымын арттырады, осымен қатар жол шығындары мен көлікті пайдалану шығындары азаяды. Жол бойында мотель, қонақүйлер, қоғамдық тамақтандыру орындары, байланыс, жанармай құю бекеттері, техникалық қызмет көрсету орындары ашылады.Бұл жергілікті тұрғындардың іскерлік белсенділігін арттыруға септігін тигізеді, былайша айтқанда, жергілікті халықтың кіріс көзі көбейеді. Қазірдің өзінде жергілікті тұрғындар құрылыс бригадаларына азық-түлік жеткізіп беруді қолға алған. Жұмысшы асханаларына ет өткізіп тұру үшін тұрғындар қолдарындағы ұсақ және ірі малдарының санын арттырып отыр. Көптеген жергілікті тұрғындар жұмысшы мамандықтары бойынша жол жөндеу бригадаларына жұмысқа орналасқан. Оқуды жаңадан бітірген жас мамандар құрылыс нысандарының басында тікелей алғашқы тәжірибеден өту мүмкіндігін алып отыр.

– Шығыс Қазақстан облысының аумағында республикалық мәндегі қанша жол бар, олардың жағдайы қандай?

– Облыс бойынша республикалық мәндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3414 километр. Оның ішінде асфальт-бетонды жабын төселгені – 690,6, қара-құмқайрақ төсеніштісі 2362, құмқайрақ-қиыршық тас төсеніштісі 354,4 километр. Қазіргі кезде республикалық мәндегі 3414 километрлік автомобиль жолдарының жалпы желісінің 465 километріне реконструкция жасалған. Бұл – жолдардың жалпы ұзындығының 13,6 пайызын құрайды.

Ашығын айту керек, республикалық мәндегі «Семей-Қайнар», «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» автомобиль жолдарының учаскелері қазіргі кезде қанағаттанғысыз жағдайда. Бұл республикалық бюджеттен қаражат бөлудің шектелуіне байланысты орын алып отыр, сол себепті жөндеу аралық жұмыстардың атқарылу мерзімдері сақталмайды. Биылғы жылы аталмыш автомобиль жолдарында ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда, сондай-ақ, «Қазавтожол» ҰК» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы аталмыш учаскелерді маршруттық жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Сөздің реті келген соң айта кетейін, жолдарды күрделі жөндеу әрбір 11 жылда, орташа жөндеу әрбір 4 жылда жүргізіледі.

– Әдетте жүргізушілер, тіпті жөндеуден өтті деген автомобиль жолдарының сапасына наразылық білдіріп жатады. Құрылыс материалдарының сапасына, жолды реконструкциялаудың, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарының сапалы атқарылуына кім бақылау жасайды?

– «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамында жұмыстардың орындалу сапасы мен технологиясының сақталуына техникалық қадағалауды техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингілік компаниялар жүзеге асырады. Біздің облысымызда жол-құрылыс материалдарын ішінара бақылауды «ШығысЖолЛаборатория» РМК жүзеге асырады, бұл мекеме сынақтар мен зерттеулер жүргізуге қажетті қазіргі заманғы аспаптармен толық жабдықталған.

– Биыл облыста республикалық мәндегі автомобиль жолдарын жаппай күрделі жөндеуден өткізіп жатқанға ұқсайды. Сырт көзге солай. Жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары қашан аяқталуға тиіс?

– Қазіргі кезде 399-418 километрдегі «Өскемен-Зырян-Үлкен Нарын–Катон Қарағай – Рахман қайнарлары» (Өрел мен Берел селоларының арасы) автомобиль жолының учаскелері күрделі жөндеуден өткізілуде. Осы автомобиль жолы өтетін ауданда тарихи ескерткіш «Берел» қорымы, емдеу санаторийлері, марал өсіретін шаруашылықтар орналасқан. Автомбиль жолының жөнделуі мұнда жыл сайын ТМД елдерінен, жақын және алыс шетелдерден келетін туристер легін арттыра түсетіні сөзсіз.

Сонымен қатар, «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Ауыл» өткізу пунктін, «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автомобиль жолының «Уба» автожол учаскесін күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Үстіміздегі жылы «Өскемен-Семей» автомобиль жолының 61-ші километріндегі көпір, Жартас өзенінен өтетін көпір күрделі жөндеуден өткізіледі.

«Семей-Қайнар» республикалық мәндегі автомобиль жолының 27-ші километрінде Мұқыр өзенінен өтетін көпір апатты жағдайда екенін де айтқан ләзім. Бұл көпір бойынша жобалау-зерттеу жұмыстары аяқталған. Жоба қазір сараптамадан өткізілуде. 2017 жылы аталмыш жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Облыстың республикалық мәндегі автомобиль жолдарының учаскелері мен көпірлерді күрделі жөндеу 2017 жылдың аяғына дейін аяқталуы тиіс.

– Шығыс Қазақстан республикамыздағы қар ең көп түсетін, қысы ең ұзақ болатын аймақтардың бірі. Осы ретте «Қазавтожол» ҰК» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының тарапынан тасқын суға қарсы қандай жұмыстар атқарылуда?

– Облысымыздағы 3414 километр республикалық мәндегі автомобиль жолдарының бойында 242 көпір, 2719 дана су өткізгіш құбыр бар. Өткен жылдардағы жағдайға жасалған талдау республикалық мәндегі автомобиль жолдарының 62 учаскесінде судың жол тағанынан асып кету қаупі барлығын, сондай-ақ, 35 су өткізгіш құбырдың өткізгіштік қабілеті төмен екенін көрсетті.

Автомобиль жолдары мен көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың сең жүруі мен тасқын судың салдарынан бүлінуін болдырмау мақсатында «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен «Казахавтожол» РМК ШҚ облыстық филиалының бірлескен бұйрығымен тасқын суға қарсы комиссия құрылған. Қазір бұл орайдағы қажетті іс-шаралар белгіленіп, мұның бәрі облыстың аудандарында орналасқан «Казахавтожол» РМК ШҚ облыстық филиалының барлық бөлімшелеріне жеткізілді.

«Семей-Қайнар» автомобиль жолының бойындағы 27-километрде Мұқыр өзені арқылы өтетін көпірдің апатты жағдайда болуына орай айналма жолды тасқын су басуына байланысты үстіміздегі жылғы 31 наурыздан бастап қазірге дейін осы жолдың 8-166 километрлерінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілген. Автомобиль қозғалысы облыстық мәндегі «Семей-Қарауыл» автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылады.Аталмыш көпірді күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалған, қазір ол «Гос­экспертиза» РМК-де қаралып жатыр. Биылғы жұмыстар аяқталған соң осы көпірді күрделі жөндеуге қаржы бөлу жоспарлануда. Осы тұста қаржы мәселесін айта кеткенім жөн шығар.

Жыл басынан бері біздің кәсіпорын реконструкция бойынша 80,545 млн теңге, күрделі жөндеу бойынша 357,993 млн теңге, жолдарды ұстау бойынша 1 080,712 млн теңге қаражатты игерді.

– Қазіргі кезде автомобиль жолдарының сапасына ғана емес, жол бойында сервистік нысандарының болуына да үлкен көңіл бөлінеді. 2015 жылы Республикамызда жол бойындағы сервис нысандарының Ұлттық стандарты бекітілгені белгілі. Облыста республикалық автомобиль жолдарының бойында қанша сервис нысаны бар және олар осы Ұлттық стандартқа сай келе ме?

– Айтып отырғаныңыз жөн. Ұлттық стандартқа сәйкес жол сервисінің нысандары кешеннің құрамына байланысты белгілі бір талаптарға жауап беруі тиіс, айталық, қолайлы да жылы дәретхана, қоғамдық тамақтандыру пункті, бөлшек сауда орны, көкке шығатын орын т.б. болуы шарт.

Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысының республикалық мәндегі автомобиль жолдарында жол бойындағы сервистің 174 нысаны бар. Соның ішінде Ұлттық стандарттың «В» санатына жол бойындағы сервистің 2 нысаны, «С» санатына жол бойындағы сервистің 5 нысаны, Д» санатына 15 нысаны сәйкес келеді.

Облыстың республикалық мәндегі автомобиль жолдарында Ұлттық стандарттың «А» санатына жататын жол бойы сервисінің нысандары жоқ, өйткені бізде көлік қозғалысы онша интенсивті емес. Ал «А» санатына жату үшін тәулігіне белгілі бір жол учаскесі арқылы 7000 автомобиль өтуі тиіс.        Қазіргі кезде облыста жол бойындағы сервис нысандарын олардың санаттары бойынша дамытуға баса мән берілуде. Ұлттық стандартта көзделген талаптар жол бойындағы сервис субъектілерінің барлығына жеткізілген, олар үш жылдың ішінде өз нысандарын стандартқа сәйкестікке келтіруі қажет. Мәселен барлық автомобильдерге жанармай құю станцияларында сауда нүктелері, суық және ыстық су, жылы дәретханалар болуы тиіс.

– Кейбір өңірлерде жолдарды реконструкциялауға, орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүлде басқа аймақтардың компанияларын тартып жатады. Ал бұл кезде техникасы да, жұмыс күші де жеткілікті жергілікті компаниялар істейтін жұмыс таппай қарап отырады. Сіздерде жол жөндеу мен жаңғырту жұмыстарына жергілікті компанияларды тарту ісі қалай жолға қойылған?

– «Қазавтожол» ҰК» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы әрдайым облыс кәсіпорындарымен қоян-қолтық жұмыс істейді. Атап айтатын болсақ,жолдарды реконструкциялауға Семей қаласындағы «Гордорстрой» ЖШС, Зайсан қаласындағы «Зайсан ҚК» ЖШС, күрделі жөндеуге «Катон Қарағай» өндірістік жол учаскесі» ЖШС, орташа жөндеуге Өскемен қаласының «Ремдор» ЖШС, «Дороги Востока» ЖШС, Самар қаласының «ДСУ-14» кәсіпорны тартылды.Жобалау-зерттеу жұмыстары Өскемен қаласындағы «Каздорпроект» ЖШС, Семей қаласындағы «Семдорпроект» ЖШС, «Жаңа жол» ЖШС тапсырылады. Бұлардың барлығы кәсіпорнының бұрыннан істес болған, сыннан өткен кәсіпорындары мен ұйымдары. Сыралғы кәсіпорындармен жұмыс істеу қашанда жеңіл де табысты.

– Облыста республикалық мәндегі ақылы автомобиль жолдары бар ма?

– Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысының республикалық мәндегі автомобиль жолдарында ақылы жолдар жоқ. Облыста ақылы жолдарды енгізу мәселесін жолдардың негізгі желілерін реконструкциялау жөніндегі жұмыстар аяқталған соң, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі айқындайтын болады.

– Әңгімеңізге рахмет.

 Сұхбаттасқан

Мира Берікболова

 

 

Редакция таңдауы

Болмысы биік «Бопай ханым»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 14-15 мамыр күндері  «Бопай ханым» тарихи трагедиясының премьерасын қойды. Туынды авторы –...

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Өз ұлтын шексіз сүйген оғлан атажұртқа келіп, Қазақстандағы таэквондо (WTF) федерациясының...

Бельгердің бағасы

Үмітіңді үкілеген тұңғыш кітабыңның қуанышы жүрегіңді қалай жылытса, ол туралы баспасөз бетінде білдірген алғашқы пікір одан бетер жаныңа ыстық. Қара ормандай қаптаған оқырман түгіл,...

Тағзым мен тағылым ордасы

Еліміздегі техникалық жабдықтамасы озық музей­лер­дің бірі – Әскери-тарихи музейі. Ондағы экс­по­зициялар келген туристерді таң-тамаша қалдырады. Өйткені мұнда түрлі дәуірлердің тарихынан сыр шертетін әс­кери жәдігерлер...
black and red kyobi arts cool presentation 14

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі...
whatsapp image 2021 05 11 at 15.19.36

Тұрсын ҒАБИТОВ: Өте ақылды ұрпақ өсіп келе жатыр

Қазақ елі тәуелсіздік алған алғашқы сәтте Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан...
Алмас Мыр­затай

Алмас Мыр­затай: Porshe-де басталған еңбек жолым Microsoft-та сәтті жалғасты

Былтыр Microsoft компаниясы Microsoft Translator тіл­дер то­бына қазақ тілі­нің қосылғанын ресми түр­де...

Жаңалықтар

Елордада қай жерлерде шомылуға рұқсат берілді – ТЖД жауабы

Нұр-Сұлтан қаласында халық суға түсетін 23 орынның үшеуінде ғана шомылуға ресми рұқсат берілген. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады. «Статистика бойынша, қазіргі уақытта судан қаза...

Бос жұмыс орны: Алматыда қоғамдық көлікке 800 жүргізуші қажет

Қазір қаладағы қоғамдық көліктерге шамамен 800 жүргізуші жетпейді. «Алматыда 800 жүргізуші тапшы. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің жетіспеушілігін болдырмау үшін тасымалдаушылар жүргізушілерге жағдай жасауы қажет (облыста тұратын...

Көкшетауда 12 жастағы бала жүргізген көлік апатқа ұшырады

Көкшетауда көлік жүргізген 12 жасар бала жол-көлік апатына түсті, деп хабарлады  Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі. «17 мамырда кешкі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласының 50...

Анасы қылмысты жасырған: 8 жасынан бері зорланып келген қызға қатысты іс қозғалды

Алматы облысының тұрғыны немере қарындасын 8 жасынан бері зорлап келген деп айыпталды, ал қыздың анасы бәрін білген, бірақ жасыруға тырысқан. Әлеуметтік желі қолданушысы Андрей...

«Сергектің» айыппұлын жойып беремін»: жарнама берген адам ұсталды

Әлеуметтік желіде «Сергектің» айыппұлын жойып беремін деген жарнама пайда болған еді. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл фактіні тексерді. «Нәтижесінде Алматы қаласының жас тұрғыны анықталып,...

Карантин: елімізден 13 мемлекетке әуе рейсі орындалады

Қазақстаннан халықаралық бағыттар бойынша аптасына 13 елге 40 бағыт бойынша 117 тұрақты әуе рейстері орындалады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналындағы мәліметке...

Шөкеевтің орынбасары қамауға алынды

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің парамен ұсталғаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп...

Аида Балаеваның анасы дүние салды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы, еңбек сіңірген мұғалім Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасында өмірден өтті, бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму...

Әсел Айтпаеваның ісі: Тағы екі қыз адам саудасының құрбаны бола жаздаған

Тағы екі қыз адам саудалады деген күдікке ілінген Әсел Айтпаеваның жездесінің құрбаны бола жаздады, деп хабарлайды BaigeNews.kz Astana TV-ге сілтеме жасай отырып. Бұл туралы...

28 мамырдан бастап чек берілмегенін хабарлағандарға сыйақы беріледі

Үкімет төлем қабылдауға арналған құрылғыны пайдалану ережелерін бұзу фактілері туралы хабарлайтындарға сыйақы төлеу туралы ереже бекітті, деп хабарлайды zakon.kz. Ережеге сәйкес, сауда орындарында чек берілмегені,...

«Сатпас бұрын бюджет ақшасына күрделі жөндеу жүргізген». Түркістан қаласының әкімдігінің ғимараты арзанға сатылып кеткен

Түркістан қаласы әкімдігінің қызметкерлері отырған ғимаратты қала басшылығы нарықтағы құнынан әлдеқайда арзан бағаға сатып жіберген. Оған қоса, әкімдік ғимаратты сатпас бұрын бюджеттің ақшасына оны...

18 мамыр қандай оқиғалармен есте қалды?

1992 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапармен барды; 1996 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақын Олжас Сүлейменовке "Қазақстанның...

Мамин вакцинаның екінші компонентін салдыру мерзімін нақтылауды тапсырды

Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, қазір коронавирус жұқтыру деңгейі төмендегені байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Дегенмен, "қызыл аймақта" 6 өңір тұр: Нұр-сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды,...

Ресейде ешкілердің сұлулық байқауы өтті

Ресейдегі Удмуртия республикасында ешкілердің сұлулық байқауы өтті. Байқауда ең әдемі жануар анықталды. Иелері ешкілерге көйлектер мен белдемшелер кигізіп, көзілдірік тағып қойған. Шартқа сәйкес, иелері жануарлармен бірге...

Өткен тәулікте 1 837 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте елімізде 1 837 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Өңірлер бойынша: Нұр-сұлтан қаласы - 251, Алматы қаласы - 520, Шымкент қаласы...

Қостанай облысында тағы бір ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Сарыкөл ауданына барды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. Сапарда әкім Сорочинка ауылындағы су тарату желісінің Лихачев топтық су құбырына қосылуымен...

ШҚО-да арықтан екі баланың денесі табылды

ШҚО Үржар ауданы Елтай ауылында арықтан 3 жастағы 2 баланың денесі табылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" altaynews.kz-ке сілтеме жасап. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,...

Алексей Цой 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін салдырды

Министр өзін жақсы сезінетінін, ешқандай реакция болмағанын айтты, - деп хабарлайды Orda.kz. Ол QazVac препаратының бірінші компонентін 26 сәуірде алған болатын. Сондай-ақ, білім министрі Асхат Аймағамбетов...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері мемлекеттік органның...

Автомобильдерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және...

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бұл туралы KAZNEWS порталды хабарлады. Бутерин ресми түрде тарихтағы ең жас крипто-валюта миллиардері...

Аида Балаева киносыншыларды ынтымақтастыққа шақырды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева киносыншылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. А.Балаева министрлік телехикаялар өндірісі бойынша сметалық қаржыландыру...

Болмысы биік «Бопай ханым»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 14-15 мамыр күндері  «Бопай ханым» тарихи трагедиясының премьерасын қойды. Туынды авторы –...

Түріктерді мақтаған Қыдырәлі мен Қарақат елдің сынына қалды

Қыдырәлі мен Қарақат түріктерді мақтап, желі қолданушыларының сынына қалды, - деп хабарлайды oinet.kz. - Жақтырмай қараған бірде-бір түрік көрмедік. Ашуланып, қабағын түйіп, менсінбей қараған түрік...

Алматыда белгісіз біреулер Қонаевтың портреті салынған муралды бүлдіріп кеткен

Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаевтың портреті салынған муралды бүлдіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысының суреті төрт жыл бұрын №3...

ІІМ мектепке апаруға болмайтын заттардың тізімін жасады

Ішкі істер министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарына апаруға болмайтын заттардың тізімін жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Жыл басында Министрлік Білім және ғылым...

Үндістандағы індет Ресейге жетті

Ресейде "Қара зең" инфекциясы, мукормикоз тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Известия басылымына сілтеме жасай отырып. Басылымның ақпаратына сәйкес, бұл инфекция мұрынға, көзге және тыныс алу жүйесіне...

Маусым айынан бастап 6 мың шақырымға жуық автожол ақылы болады

Маусым айынан бастап елімізде жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырым автожолдардың 18 ақылы учаскесі енгізіледі, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ баспасөз қызметі. Соның ішінде мына жолдар ақылы...

Еліміздің үш аймағында аптап ыстық болады

Елімізде солтүстік-батыс антициклонының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. Тек солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей...

Сәуірде қазақстандықтар 94 килограмнан астам алтын құйма сатып алған

2021 жылғы сәуірде қазақстандықтар екінші деңгейдегі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 94,5 кг құйма алтын сатып алған, бұл туралы Kapital.kz...

Мектептерге арнайы күзет қойылмақ

Еліміздегі білім беру мекемелері арнайы күзеттің бақылауында болады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Білім беру ұйымдарының объектілері...

Алматыдағы сауда орталығының жанынан 49 жастағы ер адамның денесі табылды

Ер адамның мәйіті Наурызбай ауданында орналасқан "Апорт" сауда-ойын-сауық орталығы маңынан табылды, деп хабарлайды АА NewTimes.kz. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам кісі қолынан қаза тапқан. Оқиға...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы туралы мәлімет берілді. Tengrinews.kz сайтының жазуынша,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері –мемлекеттік...

«Президенттің әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған» – Берік Уәли

Мемлекет басшысының Баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні қалай өтетіні туралы сауалдарға жауап берді. «Бүгін азаннан бері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері...

Алаяқтық жасап, Америкаға қашып кеткен үш қазақстандық ұсталды

Америкаға бой тасалаған Қазақстанның үш азаматы ұсталып, елге жеткізілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. «Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық...

«URKER-2021»: өтінім қабылдау басталды

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2021» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды. Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар,...

МҚІА Президент сынға алған шенеуніктің қайта қызметке тағайындалуын түсіндірді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) Сайранбек Бармақовтың қайтадан қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, шенеунік Автомобиль жолдары комитеті төрағасы қызметінен өз қалауы бойынша...

Бағалау матрицасы: «қызыл» аймақтағы өңірлер саны азаяр емес

Коронавирус ахуалына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. 17 мамырдағы жағдай бойынша: «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды...

Ақтаудағы хайуанаттар бағында жануарларды өлтіріп, торға салып қойған

Ақтаудағы хайуанаттар бағына келушілер өліп қалған қояндарды көріп, видеоға түсіріп алған. Олар зообақта бұдан өзге тасбақалар мен аламандар да өліп жатқанын айтады, – деп...

1 қыркүйекте Қазақстанда халық санағы басталады

2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, санақты өткізу...

Үш айда елімізден 5,5 мың адам көшіп кеткен

Биылғы үш айда тұрақты тұру үшін Қазақстанға 2 мың адам келсе, көшіп-кеткендер саны – 5,5 мың адам. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық...

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстандағы халық саны 18 млн 940 мың 400 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі...

Өткен тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 2089 адамның коронавирус жұқтыпғаны расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 549 Алматы қаласы - 284 Шымкент қаласы -...

17 мамыр: атаулы күндер һәм маңызды оқиғалар

1936 жылы 17 мамырда Мәскеуде алғаш рет қазақ мәдениеті мен өнерінің онкүндігі өткізілді. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияда Қазақстанның елшілігін ашу...

Мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты

Ауғанстан астанасындағы мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты. Қанды шабуылға байланысты жауапкершілікті әлі ешкім мойнына алмаған. TOLOnews мәліметінше, оқиға Кабул қаласының солтүстігінде орналасқан Шакар-Дара ауданындағы...

Батыс Қазақстанда полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Орал-Тасқала жолында...

Шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогының жеңімпазы анықталды

  Шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогының жеңімпазы анықталды. «Есіл» әуесқой командасы шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогын иеленді. Команда финалда «Qurman» командасынан басым түсті. Негізгі және қосымша...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Өткен аптада еліміздің бірқатар өңірінде кадрлық ауыс-түйіс болды. ҚазАқпарат 10-16 мамыр аралығындағы тағайындауларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Орталық мемлекеттік органдардардан бастасақ, ҚР Үкіметінің қаулысымен...

Исландияда жаңа оянған жанартау сатылып жатыр

Исландияда наурыз айының соңында оянған Фаградальсфьядль жанартауы тұрған жердің иесі жер телімін вулканымен қоса сатуға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап. Жер телімі...

Мальдивте коронавирустың таралуы бәсеңдемей тұр

Мальдивте індеттің таралуы бәсеңдемей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Аралды елде күн сайын мыңға жуық адамнан вирус анықталып жатыр. Жергілікті билік жұқпалы кеселдің өршуіне...

Алматыдан 352 шақырым қашықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 мамыр күні 22 сағат 45 минутта жер сілкінісін тіркеді. «Зілзала ошағы...

Хоккейден Қазақстан құрамасының бір ойыншысы коронавирус жұқтырды

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан құрамасының бір өкілінен коронавирус анықталды. Осыған байланысты бүгін қазақстандық спортшылар Беларусь құрамасымен жолдастық кездесуге шықпайды. Бұл ойын...

Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Қазақстанда аптап, найзағай болып, бұршақ жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. 17 мамырда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады, шығыстан соғатын желдің күші секундына...

17 мамырдан бастап 14 күн оқшаулану міндеттеледі – Бас санитар дәрігер

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов «Қазақстанға Мальдив аралдарынан коронавирус инфекциясы келуінің алдын алу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулыға қол қойды. «Облыстардың, Алматы,...

«Ирина Қайратовна» тобымен аттас әйел өнер ұжымына алғыс айтты (видео)

«Ирина Қайратовна» атты топтың мүшелері өнер ұжымының неге бұлай аталатынын айтты. Ал "Қызық LIVE" телебағдарламасына арнайы келген Ирина Қайратқызы есімді әйел танымал топпен аттас...

Головкин ең үздік боксшылар рейтингінде Мұхаммед Әлиді басып озды

Boxrec.com салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) ең үздік боксшылардың тізімін жасады, деп хабарлайды Sports.kz. Америкалық Флойд Мейвезер бокс тарихындағы ең үздігі деп танылды. Екінші орынды Эззард...

«Үйімді сағынып кеттім». Алматы облысында әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

Алматы облысында әскерден қашып кеткен қатардағы жауынгер ұсталды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы үйін сағынғандықтан осындай әрекетке барғанын түсіндірген. Қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев 16 мамыр түнгі...

Қызылордада 24 жастағы жігіт катамараннан көлге құлап қайтыс болды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында катамараннан Ханқожа көлінен құлап кеткен жігіт қайтыс болды. ҚазАқпараттың жазуынша, оқиға Шиелі ауданына қарасты Бәйгеқұм елді мекені тұсындағы Ханқожа көлінде болды....

Қытайда коронавирустың қайта өрши бастағаны тұрғындар арасында дүрбелең туғызды

Қытайдың Аньхой және Ляонин процинцияларында COVID-19 жұқтырудың жаңа оқиғалары жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең туғызып, коронавирусқа қарсы жаппай екпе салғызуына себепші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат...

Новосібірде қабір қазудан чемпионат өтті (видео)

Новосібірде қабір қазудан жарыс өтті. Шарт бойынша, қатысушылар тереңдігі екі метрге жуық қабір қазуы керек. Қазылар алқасы қазу жылдамдығын, сапасын және техникасын бағалады. Қабірлердің мөлшерін тексеру...

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның жездесі ұсталды

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті ретінде оның жездесі ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды polisia.kz. Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті Грузияда қаза тапқан А.Айтпаеваның...

Қазақ дроны сынақтан өтті

Бүгінде әлемдегі әскери күштердің басты қаруының бірі - ұшқышсыз ұшатын құралдар болып отырған кезде өз қарулы күштерін осындай құралдармен жабдықтауды өз алдарына басты мақсат...

Өзбек әншісі Юлдуз Усманованың Израиль туралы айтқанына қатаң жауап берілді

Осы аптада Израиль мен Палестинаның бір-біріне оқ жаудырғаны белгілі. Соған байланысты әлемнің түкпір-түкпірінде бұл оқиғаға баға беріп, пікір айтып жатқандар көп. Міне осындай кезде...

«Ата-аналары алаяқты тәрбиелеген» деп полицияның намысына тигені үшін 20 күнге қамалды

Алматы облысында полицейлердің ар-намысына әлеуметтік желі арқылы нұқсан келтірген азамат 20 күнге қамалды. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамыр күні Талдықорғандағы мамандандырылған...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның ісін Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі бақылауға алды

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваға қатысты істі өз бақылауына алды, деп хабарлайды «Хабар 24». Эльвира Әзимова қайғылы жағдайда қызынан...

Жеңіс Қасымбек биыл Қарағандыда кімдерге пәтер берілетінін айтты

Қарағанды обысының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл өңірде үй кезегінде тұрған азаматтарға 250 пәтер берілетінін Facebook-тегі парақшасында жазды. «Бүгін жұмыс сапарымен Шахтинск қаласына барып, онда...

«Бүркітке тұрмысқа шығар алдында, Исламды қабылдап, Аиша атандым» – танымал өнер жұбы сырын айтты

Бүркіт пен Аиша Ләйлә Сұлтанқызымен болған сұхбатта бұрын айтылмаған сырларымен бөлісті. Сұхбат барысында Аиша Ислам дініне қалай бет бұрғанын айтты. Stan.kz сайтының жазуынша, Аиша...

Бір өңірде карантин 30 мамырға дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақтағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды облыстық ССК ресми сайты. Құжаттың мәтініне сәйкес, ШҚО-да карантин...

Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікке ілінді

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды. Ақпаратты экс-министрдің адвокаты Нұрлан Бейсекеев растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Адвокаттың айтуынша, 11...

Air Astana: Әуе билеттері 50 пайыз жеңілдікпен сатылады

14-16 мамыр аралығында Air Astana әуе компаниясынан 50% жеңілдікпен Батуми, Бішкек, Душанбе, Киев, Ташкент, Тбилиси және Франкфурт қалаларына билет сатып алуға болады. Air Astana авиакомпаниясы...

Сәкен Майғазиев 91 тобының экс-солисі мен Ерке Есмаханның некелескеніне қатысты пікір айтты

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмахан некелесіп, ерлі-зайыпты атанды. Бірақ бұл жаңалықты екеуі де жария еткен жоқ. Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарамасында айтылды, - деп хабарлайды stan.kz. Ерке жолдасынан...

«Америка үшін ұлы күн». Байден көпшілік алдында маскасын шешті

АҚШ президенті Джо Байден маскасын шешіп, бүгінгі күнді Америка үшін ұлы күн деп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасай отырып. АҚШ ауруларды бақылау...

Еліміздің кей аймақтарында 39 градус ыстық болады

Еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып. 15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі....

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжат жеткізу қызметі іске қосылды

"Азаматтарға арналған үкімет" Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты, деп хабарлайды holanews.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сервисте 144 қызмет бар,...

Зейнетақының орташа мөлшері 100 мың теңге болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері базалық зейнетақыны төлеуге 274,2 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлердің...

Еліміздегі «еститін» министрліктердің рейтингі жарияланды

Ұлттық экономика министрлігі, Энергетика министрлігі және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын ұстанатын министрліктердің рейтингісінде көш бастады, деп хабарлайды...

ҰБТ-да 137 балл жинаған түлек мұғалім болуды армандайтынын айтты

"Ұлттық бірыңғай тестілеу – әрбір түлектің өміріндегі маңызды қадам. Дегенмен, негізгі мақсат – ҰБТ-ны жақсы тапсыру ғана емес, бастысы – өмірде өз орныңды тауып,...

«Бақытты келіншек» кітабы жарық көрді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында журналист, телепродюсер, PhD докторы, көпбалалы ана Алма Сайлауқызының «Бақытты келіншек» кітабының тұсаукесері болып өтті. Деректі-мотивация жанрында жазылған бұл бірегей туындының тұсаукесері...

«Басын аялдамаға ұрған». Алматы облысында жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққан әйелдер іздестіріліп жатыр

13 мамыр күні кешқұрым Алматы маңында 16 жастағы қызды екі ересек әйел ұрып-соққан, - деп хабарлайды tengrinews.kz. Оқиға сағат 18:35 шамасында Боралдай кентінде Космонавттар көшесіндегі...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаевамен қоштасуға бүкіл ауыл жиналды

Грузия астанасында қайтыс болған 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі жер қойнына берілді.  Оны ақтық сапарға шығарып салуға бүкіл ауыл тұрғындары келді, деп хабарлайды КТК. Басқа...

Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орынбасары Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, отставкаға кету туралы өтініш беретінін айтты. Бұл туралы ол 14 мамырда өткен баспасөз...

60 млн теңге пара алған Антикор қызметкері 12 жылға сотталды

Антикор қызметкері 12 жылға сотталды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме...

Үндістан Қазақстанның гуманитарлық көмегін алды

Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек ретінде жеке қорғаныс құралдары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Жүк рейсі Делиге 14 мамырда...

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды echo.msk.ru. Аукционды "Кристи" аукцион үйі өткізді. Сауда-саттық басталар алдында сарапшылар "Терезе алдында отырған әйел"...

Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздар іске қосылатынын мәлімдеді. 17 маусымнан бастап №457/458 «Семей-Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан – тақ күндері,...

Токио Олимпиадасына 53 лицензия жеңіп алдық – министр

Токиода өтуі тиіс жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің спортшылары спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгінге дейін 53 лицензия жеңіп...

Алматыда көлікпен жарысқан жастарға 1,6 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда түнде жарыс ұйымдастырған жүргізушілерге 1,6 млн теңге айыппұл салынды. Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтың айтуынша, мұндай жарыстарды көбіне жастар ұйымдастырады. «Жастар қауіп төндіріп,...

Коронавирус: ғалымдар мұрынға себетін вакцина қашан тіркелетінін айтты

Ресейдің Гамалея орталығының ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы мұрынға себілетін вакцина 2021 жылдың соңында – 2022 жылдың басында клиникалық зерттеуге шығарылады. Орталық директоры Александр Гинцбург препарат...

«Ректорлар тізімі»: министр докторантураға түсу мәселесі туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл докторантураға түсу емтихандары Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде өтетінін айтты. «Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде...

NASA диаметрі 200 метр астероидтың жерге жақындағанын ескертті

АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы (NASA) диаметрі 88-ден 200 м-ге дейінгі астероидтың жерге жақындағанын ескертті, деп хабаррлайды ТАСС агенттігі. NASA-ның жерге...

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 2549 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 452, Алматы қаласы - 557, Шымкент қаласы - 125, Ақмола облысы -...

14 мамыр: маңызды оқиғалар күнтізбесі

1869 жылы 14 мамырда Ақтөбе қаласының іргетасы қаланды. 1869 жылдың 28 мамырында (ескіше қазақ күнтізбесі) басталған. Бұл күні «Ақтөбе» деп аталған әскери бекінісінің негізі...

Анасымен ұрсысып қалған: Таразда мектеп оқушысы үйінен қашып кетті

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қыздың жоғалғанын полицияға анасы хабарлаған. Жасөспірім отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып кеткен, содан қайтып оралмаған. «Кәмелет жасына толмаған қызды Жамбыл...

БҚО-да киіктер неден қырылуы мүмкін – министрлік пікір білдірді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылуының болжамды себебін атады. 2021 жылдың...

Сот шешімі: Атырауда анасына қол көтерген азамат қамалды

Атырауда анасын ұрған ер адам 10 күнге қамалды. Облыстық полиция департаментiнің мәліметінше, 46 жастағы ер адам ішімдікке «тойып» алып, анасы қол көтерген. «Егде жастағы әйелден «102»...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

«Қазгидромет» РМК 14-мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бүгін солтүстік-батыс антициклоны әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің...

Үш жүз жетпістен аса ақбөкен неден қырылды?..

«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында өліп жатқан 372 ақбөкен табылды. Алдын ала болжам бойынша оларды жасын соғып өлтірген», − деп жазады azh.kz сайты. − Біздің...

Шығынға батқан қазақстандық әуе компанияларында қысқарту жүре ме?..

Биыл Қазақстанда авиация саласының шығыны 47,7 млрд долларға жетуі мүмкін. Еліміздегі әуе компаниялардың қаржылық көрсеткіштері осындай болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр. Өткен жылы басталған пандемиядан...

Тағы біреу қазақ еліне аузына келгенін айтты және… кешірім сұрады!

Кейінгі кезде өзге ұлт өкілдерінің арасында қазаққа, Қазақстанға тіл тигізген бейнежазбасын әлеуметтік желіге таратып, кейін өкінетінін айтып кешіріп сұрап -  қайта бейнеүндеу жасай салуы...

Елбасы Түркістан туралы: Біз тіпті армандамаған ауқымды істі жүзеге асырдық!

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Түркістан қаласын өркендетудегі Елбасының еңбегі туралы жазды. Елбасының Түркістанға сапарының бағдарламасы өте мазмұнды болды. Үш жарым...