Балаларды қуантқан күн

Балаларды қуантқан күн

Балаларды қуантқан күн
ашық дереккөзі
«Алатау» дәстүрлі өнер театры кинозалының ашылғанына бір жыл толуына орай, балаларға арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, тегін мультипликациялық фильм көрсетілді. Қайырымдылық шарасына Алматы қаласындағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері, №9 есту қабілеті нашар балалар мектеп-интернатының оқушылары, сондай-ақ, Алатау ауданына қарасты жалпы білім беру орындары оқушылары және мектепке дейінгі мекемелерден 750 аса тәрбиеленушілер қатысты. Шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық ортаға тартып, көпшілік назарынан тыс қалдырмай, қолдау көрсету, ұлттық дәстүрлі мәдениетімізді насихаттау. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Абилфас Муслимұлы Хамедов, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР күрдтер «Барбанг» қауымдастығының төрағасы Князь Ибрагим­­­ұ­лы­ Мирзоев, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Саят Болатұлы Ағыбаев, Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығының директоры Нұрзия Ағабекқызы Әлімбекова, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Мұханқали Алмасаев қатысты. «Біз бір жыл көлемінде осы театрмен тығыз байланыста жұмыс жасап келеміз. Демеушілер тауып, балаларды осындай тегін мультфильм, киноларымен қуантып жатыр. Сондықтан бұл театрға деген біздің алғысымыз шексіз», – деп атап өтті өз сөзінде Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығының директоры Нұрзия Әлімбекова. Кеш барысында дәстүрлі және эстрада әншілері өнер көрсетіп,  жеткіншектер киноконцерт залынан анимациялық фильмді тамашалады.