Иордания Королі ІІ Абдалла «Нұр Әлем» Болашақ музейіне барды
Иордания Королі ІІ Абдалла «Нұр Әлем» Болашақ музейіне барды
Иордания Королі ІІ Абдалла «Нұр Әлем» Болашақ музейіне барды. ЭКСПО-2017 аумағындағы «Нұр Әлем» Болашақ музейі туристік аймағының ашылу қарсаңында музейге Иордания Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусеин барды.
ЭКСПО көрмесі жабылғаннан кейін мұнда алғаш рет шет мемлекеттің басшысы келіп отыр. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Иордания Короліне Болашақ музейінің экспонаттарын таныстырып, ондағы нысандардың Көрме өткеннен кейінгі пайдаланылуы жайын әңгімеледі. Иордания Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусеин ЭКСПО-2017 көрмесіне Иорданияның қатысуы Қазақстан Республикасымен екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына қызмет еткенін айтты. Еске сала кетейік, елімізге ресми сапармен келген Иордания Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусеин музейге бармас бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын. Осы орайда, Иордания Корольдігі Астанада өткен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысқанын айта кеткен жөн.