Иордания Королі ІІ Абдалла «Нұр Әлем» Болашақ музейіне барды

Иордания Королі ІІ Абдалла «Нұр Әлем» Болашақ музейіне барды

Иордания Королі ІІ Абдалла «Нұр Әлем» Болашақ музейіне барды
ашық дереккөзі
Иордания Королі ІІ Абдалла «Нұр Әлем» Болашақ музейіне барды. ЭКСПО-2017 аумағындағы «Нұр Әлем» Болашақ музейі туристік аймағының ашылу қарсаңында музейге Иордания Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусеин барды. ЭКСПО көрмесі жабылғаннан кейін мұнда алғаш рет шет мемлекеттің басшысы келіп отыр. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Иордания Короліне Болашақ музейінің экспонаттарын таныстырып, ондағы нысандардың Көрме өткеннен кейінгі пайдаланылуы жайын әңгімеледі. Иордания Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусеин ЭКСПО-2017 көрмесіне Иорданияның қатысуы Қазақстан Республикасымен екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына қызмет еткенін айтты. Еске сала кетейік, елімізге ресми сапармен келген Иордания Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусеин музейге бармас бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын. Осы орайда, Иордания Корольдігі Астанада өткен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысқанын айта кеткен жөн.