Нью-Йоркта теракт жасаған өзбек көлікке хат қалдырып кеткен

Нью-Йоркта теракт жасаған өзбек көлікке хат қалдырып кеткен

Нью-Йоркта теракт жасаған өзбек көлікке хат қалдырып кеткен
ашық дереккөзі
Нью-Йоркта теракт жасаған 29 жастағы күдікті Сейфулло Саипов лаңкестік әрекетін "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы атынан іске асырған, деп хабарлайды РИА Новости NBC телеарнасына сілтеме жасай отырып.  "Құқық қорғау органдарындағы дереккөз мәліметіне сәйкес, жүк көлігімен адамдарды соққан ер адам көлікте хат қалдырып кеткен. Хатта ол шабуылды "Ислам мемлекеті" атынан жасағанын айтады", — делінген хабарламада. Телеарна мәліметі бойынша күдікті Өзбекстан тумасы Нью-Джерси штатындағы Патерсон қаласында тұрады. Бірақ ол ұсталған кезде Флорида штатының жүргізуші куәлігі табылған. Оның әйелі мен екі кішкентай баласы бар. Өз кезегінде Саиповтың танысы Кобилджон Маткаров NBC арнасына берген сұхбатында "оның бақытты адам болғанын, АҚШ-ты жақсы көргенін және оның террорист емес екенін" айтқан. Еске сала кетейік, кеше  күндіз Манхэттенде қаскөй бірнеше көше велосипедшілер жүретін жолмен жүк көлігін айдап өткен. Жол бойы алдынан шыққандарды басып, одан соң мектеп автобусына соғылады. Көлік жүргізушісін полицейлер жарақаттаған. Соңғы мәліметтер бойынша теракт салдарынан 8 адам қаза болып, 11 адам зардап шекті. Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы  ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов мәлімдеді.
"Осы уақытқа дейін бар мəліметтер бойынша, Нью-Йорк қаласында жүк көлігі бір топ жаяу жүргіншілерді басып кетуінің салдарынан қаза тапқандардың және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ.Қазақстандық дипломаттар осы ахуалды бақылауды жалғастыруда", — деп хабарлады Жайнақов. һ