Атамбаев қырғыздарға Қазақстаннан ұн тасымалдауға тыйым салды

Атамбаев қырғыздарға Қазақстаннан ұн тасымалдауға тыйым салды

Атамбаев қырғыздарға Қазақстаннан ұн тасымалдауға тыйым салды
ашық дереккөзі

Қырғызстанда Қазақстанда өндірілетін байытылмаған ұнды тасымалдауға және пайдалануға тыйым салынды деп хабарлайды 24.kz. 

Президент Алмазбек Атамбаев осыған қатысты тиісті заңнамаға қол қойды. Ескертуді елемегендер 50 мың сом айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Бұл шамамен – 250 мың теңге.
Алайда қазақстандық сарапшылардың айтуынша, бұдан біздің шаруалар еш ұтылмайды. Былтыр көрші елге 27 мың тоннадан астам ұн тасымалдадық. Бұл – экспорттың жалпы көлемінің бір ғана пайызы. "Қырғыздар бүгінгі күнге дейін қазақстандық байытылмаған ұнға қатысты бір де бір шағымын айтпаған. Біздің өнім көрші елдің нарығында бұрыннан бар. Демек айырқалпақты ағайынның мұндай шешімінде саяси астар жатқан секілді", - дейді Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган.