2707 қандасымыз "оралман" мәртебесін алды

2707 қандасымыз "оралман" мәртебесін алды

2707 қандасымыз "оралман" мәртебесін алды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысында 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар. Одан бөлек аудандарда 7 күндізгі қатынау бөлімі жұмыс жасайды. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі. «Айта кетерлігі, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек.  Оның қазіргі әлеуметтік төлемдерден басты  айырмашылығы, ол тұрмысы төмен азаматтарға немесе отбасыларға көрсетілетін қолдаудың үш түрін бір пакетпен ұсыну болып табылады. Олар: атаулы әлеуметті көмекті төлеу, мемлекет тарапынан жұмысқа тұруға жәрдемдесу және  әлеуметтік бейімдеу шараларымен қамтамасыз ету. Жаңа форматтағы көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады», - деді Мұхит Отаршиев. Сондай ақ, басқарма басшысының айтуынша, 8530 мұқтаж азамат арнаулы әлеуметтік  қызметпен қамтылған. 2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде республикалық бюджет есебінен 155,6 млн. теңгеге 8 үкіметтік емес ұйым 700 мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынған. Сонымен қатар, облыста зейнеткерлер саны 233 850 адамға жетіп отыр. Бұл облыс халқының 8 пайызын құрайды. Бұдан бөлек, облыстық және жергілікті бюджеттер есебінен зейнеткерлерге қолдау көрсету бағытында бірқатар шаралар қабылданған. Оның шеңберінде жыл сайын 8 мың зейнеткер басқармаға қарасты «Ардагерлер» және «Мейір ардагерлер» үйлерінде сауықтыру шараларымен қамтамасыз етіледі.