Жаңалықтар

Оңтүстік Корея мен Корея арасындағы түйткіл тарқатылмақ

ашық дереккөзі

Оңтүстік Корея мен Корея арасындағы түйткіл тарқатылмақ

Қытай мен Оңтүстік Корея үкіметтері екі ел ортасындағы ұзаққа созылған дауды шешуге шешім қабылдады.  Екі ел  әскери, саяси және экономикалық қатынастарды қалпына келтіруге тырысуда. Бұл туралы «WSJ» басылымы ресми сайтында жазды деп көрсетеді qazaqtimes. Осыдан бір жарым жыл бұрын Оңтүстік Корея зымыраннан қорғануды қамтамасыз ету үшін АҚШ-тың «Сад» зымыран жүйесін орнатуға шешім қабылдаған еді. Бұл қадам жоғарыда аталған екі ел арасындағы қарым-қатынастың салқындауына әкеліп соққан. Қазір екі ел бір ауыздан АҚШ үкіметіне талаптарын қойып, Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран қатеріне байланысты оған көршілес елдердің бірлігін сақтау керек екенін айтуда. Дегенмен сарапшылардың пікіріне қарайтын болсақ, Қытай мен Оңтүстік Корея арасында қол жеткізген консенсус Қытайдың Азиядағы басшылық орнын жоғарлатып, өңірдегі АҚШ ықпалын ысырып шығарады деп қарайды. Жылға жуық уақыттан бері Оңтүстік Корея  Қытай үкіметімен саяси-экономикалық байланыстарды сақтап, Қытай арқылы Солтүстік Кореяға қысым жасауға тырысып келген. Алайда, Қытай «Сад» зымыранға қарсы жүйесінің орналасуына байланысты Оңтүстік Кореяның күткен үмітін ақтамай келген еді. Кореялық кәсіпорындарды елден шығару секілді экономикалық қысым жасау қадамдарына да барған болатын. Дегенмен, Солтүстік Шығыс Азия шиеленісіндегі негізгі кейіпкерлері  ендігі жерде ынтымақтастықты бекемдеп, қалыптасқан дағдарысты жоғалтуға тырысып отырғандарын аңғартты. Бұл әрине өңірдегі Қытай ықпалын арттыра түсуі ғажап емес.