31 Қазан 2017, 22:20 762 0 Мультимедиа Ақниет ОСПАНБАЙ

Қырғызстан бас тартқан қаражат қайда жұмсалады?

Қырғызстан бас тартып жатқан қаражаттың қайда жұмсалатынын үкімет келесі жылы ақпан айында шешеді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов. 

Sputniknews мәліметінше, Қырғызстан парламенті Қазақстанмен жасалған 100 миллион доллар көмек туралы келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда  мақұлдаған болатын.

"Біздің парламент қырғыз еліне 100 миллион доллар көмек беру туралы келісімді ратификациялаған болатын. Енді оның күшін жою үшін бізге ішкі процедураларды жүргізу керек. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін бұл қаражатты қайда жұмсау қажеттігі жөнінде шешім қабылданады. Келесі жылы ақпанда бюджетті нақтылау кезінде осы мәселе қарастырылуы мүмкін", — деп жауап берді Сүлейменов Бішкек бас тартып жатқан қаражат қайда жұмсалады деген сұраққа.

 

Соңғы жаңалықтар