Министр латынға көшу үшін қанша қаржы керегін айтты

Министр латынға көшу үшін қанша қаржы керегін айтты

Министр латынға көшу үшін қанша қаржы керегін айтты
ашық дереккөзі

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы латын қарпіндегі қазақ әліпбиін енгізу үшін қанша қаржы қажет болатынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі уақытта мәдениет және спорт министрлігі тарапынан 2018 жылға 56 миллион теңге сұралды. Бұл қаражат арнайы портал (кириллицаны латынға көшіретін конвертер – авт.) құруға, авторлық құқықты тіркеуге керек", — дейді Мұхамедиұлы баспасөз мәслихатында. Министрдің сөзінше, республикалық комиссия құрылғанға дейін латын әліпбиіне көшуге нақты қанша қаржы керек екенін айту қиын. Өз кезегінде білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа әліпбидегі жаңа оқу-әдістемелік құралдарды шығаруға көп қаражат жұмсалмайтынын айтты. Ал Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов латынға көшу бойынша негізгі шығындар бірнеше жылдан кейін ғана бөлінетінін айтады. Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 27 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Енді үкімет қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрып, қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді.