Жаңалықтар

"Шымбұлақта" жалпықалалық тазалық күні өтеді

ашық дереккөзі

"Шымбұлақта" жалпықалалық тазалық күні өтеді

31 мамыр күні «Шымбұлақта» жалпықалалық «Таза табиғат» акциясы ұйымдастырылмақ. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.Тау-шаңғы курортын тазалауға жәрдемдескісі келетін жандар үшін аспалы жол тегін қызмет көрсетеді. Олар қолғап, қоқыс қапшығы, сусындармен қамтамасыз етіледі. Акцияның соңында «ASSORTI- Шымбұлақ» кешені мерекелік дастархан жайып, қатысушыларды қонақ етпек. «Басты мақсат – Шымбұлақ тау бөктерін түрлі қоқыстан тазалау. Акция осымен 4 рет өтіп жатыр. Қала тұрғындарының тарапынан үлкен қызығушылық туғызып отыр», – делінген хабарламада. Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда «Шымбұлақ» кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған болатын, кейін салауаттты өмір салтын ұстанатын адамдардың демалыс орнына айналды. Елімізде тау шаңғысының дамуына үлкен үлес қосқан бұл кешенде ұзындығы 3100 метр 2 аспалы жол демалушыларды 3200 метр биіктікке алып шығады.