Алматы-Шымкент тас жолында 31 жолаушысы бар автобус аударылды

Алматы-Шымкент тас жолында 31 жолаушысы бар автобус аударылды

Алматы-Шымкент тас жолында 31 жолаушысы бар автобус аударылды
ашық дереккөзі
Алматы-Шымкент бағытында келе жатқан автобус жол апатына түсіп, бір адам қаза болды, 20-дан астам жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды sputniknews.kz 31 қазан шамамен таңғы сағат 3:20 кезінде Алматы–Шымкент бағытында келе жатқан 31 адам мінген автобус Айша-бибі ауылының жанында аударылған. Жолаушылардың біреуі 20 жастағы қыз қаза болды. Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, жедел медициналық жәрдем үшін 13 санитарлық автокөлік жұмылдырылған. 3 адамға медициналық көмек оқиға болған жерде көрсетілді. №1 қалалық ауруханаға 28 адам жеткізілді, 8-і емдеуге жатқызылып, алғашқы көмек көрсетілген 19 адам үйлеріне қайтарылды. Бір бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.