Ақтөбеде 8 мың тонна мұнай қолды болған
Ақтөбеде 8 мың тонна мұнай қолды болған
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі мұнай ұрлаушылармен күресті өз қолына алды, дп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Әкімнің айтуынша, аймақта 7-8 мың тонна мұнай қолды болған. Ал республикалық бюджетке 100 млрд теңге шығын келді. Сондықтан қара алтын ұрлығымен күресте тек мемлекеттік органдар ғана емес, мұнай өндіруші кәсіпорындар да күш біріктіруі тиіс.
Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:
- Бақылау болу керек, компаниялардың, кәсіпорындардың. Одан шыққан мұнайдың, газдың есебі болу керек, қайдан шыққанының. Қазір сол бағытта жұмысты барлық мемлекеттік органдармен жүзеге асырып жатырмыз. Біздің жоспарымыз, келесі жылдың бірінші тоқсанында бірінші нәтижесін қараймыз.