Қолбасшының немересі әскери-тарихи музейді басқаратын болды

Қолбасшының немересі әскери-тарихи музейді басқаратын болды

Қолбасшының немересі әскери-тарихи музейді басқаратын болды
ашық дереккөзі

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-тарихи музейі кеңейтіліп, даңқты қолбасшы И.Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованың жетекшілігіне берілді. "Әскери-тарихи мұражай кеңейтіледі. Көнерген нәрселер жаңартылуы мүмкін. Қандай да бір мәртебе алу үшін Тасмағамбетовпен (ҚР Қорғаныс министрі) кездескім келеді. Ол тарихқа немқұрайлы қарамайды. Мен қуана жұмыс істейтін боламын. Бұл мұражайда анамның жұмыс істеген сәттері әлі есімде. Бұл жерде өте сирек кездесетін экспонаттар, Кеңес Одағы Батыры атағының грамоталары және Щадрин, Шемякин, Момышұлы, Луганскийдің құжаттары сақталған. Әскери-тарихи мұражай 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақтың Әскер үйінде орналасқан", – деді Байқадамова. Бұл музей 1965 жылы Ортаазиялық әскери округтің Офицерлер үйінде ашылған болатын. Мұражай Қазақстан аумағындағы әскери-тарихи жәдігерлер негізінде жұмыс істейді. 1941 жылы Алматыда жасалған Панфилов атындағы 316-атқыштар дивизиясының материалы кең таралған. Мұражайда әскери техника, қару-жарақ, шайқас кезінен қалған жәдігерлер, марапаттар және фотодеректі материалдар бөлімдері бар. 1978 жылы архитектор Ратушный, Ералиев, конструктор Развиннің қолдауымен мұражай ғимараты тұрғызылды. Музей 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақтың Даңқ Мемориалы алаңында орналасқан жалғыз архитектуралық-сәулет ғимараты. Айгүл Байқамадамоваға музейдің тізгінінің берілуі өте орынды. Генералдың немересі батырлардан қалған әр жәдігерді көзінің қарашығындай сақтайтыны шүбәсіз.