Жаңалықтар

Өзбекстанның өз мессенджері болады

ашық дереккөзі

Өзбекстанның өз мессенджері болады

"Өзбектелеком" жуырда Uzphone деп аталатын төл мессенджерін іске қосуды жоспарлап отыр, ол Telegram, Skype, Viber және WhatsApp мессенджерлерінің аналогы болады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.  Қазір бұл мессенджер альфа-сынақтан өтіп жатыр, ол арқылы хабарлама жолдап, телефон соғуға болады, деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары. "Ол әзірге жаппай қолданысқа шыққан жоқ. Екі айдың көлемінде бета-сынақ деңгейіне өтеміз. Келесі жылы оны ресми түрде көпшілікке таныстырамыз", – деді "Өзбектелеком" компаниясы филиалының директоры Марат Фаттахов. Болашақта, шамамен бір жылдан соң қосымшаны смарт-телевизорлармен және бақылау камераларымен байланысқа шыға алатындай етіп жетілдіріледі. Компания бір уақытта 1 млн қолданушыға қызмет көрсетуге әзір. Бұған дейін республикада әлеуметтік желілердің "Одноклассники" және Facebook аналогтары жасалған, бірақ олар өзбекстандықтар арасында аса танымал бола қойған жоқ.