Марста су бар ма?

Марста су бар ма?

Марста су бар ма?
ашық дереккөзі
 Марстың жоғарғы қабатын зерттеуші «Curiosity» құрылғысынан алынған мәліметтерді зерделей келе Франция мен АҚШ ғалымдары  аталмыш ғаламшар бетіндегі өзендердің «сағасы» суға еш қатысы жоқ деген түйінге келді. Ғалымдар Марстың бетіндегі «жыралар» мен «арналарды» зерттей келе, олар қатты күйдегі көміртек диоксидінің әсерінен пайда болуы мүмкін деп шешті. Анықталғандай, температура қатты төмендеген кезде топырақ бөлшектері аталмыш көміртек диоксидінің үстімен сырғиды. Mars Reconnaissance Orbiter марстық аппараты түсірген суреттер мамандардың пайымын растады, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ Nature Geoscience сайтына сілтеме жасап. Айта кетейік, бұған дейін NASA 4 млрд жыл бұрын Марста су болғанын және олардан Шарп тауының маңында көлдер қалыптасқанын жариялаған болатын.