Жаңалықтар

ЭКСПО-ның аяқталғанын күткен ресейлік актер Астанадан арзан пәтер алуға келді

ашық дереккөзі

ЭКСПО-ның аяқталғанын күткен ресейлік актер Астанадан арзан пәтер алуға келді

Астанадан ашқан мейрамханасының мерейтойына келген Ресейдің белгілі актері Сергей Светлаков  елордамызға ЭКСПО-дан соң бағасы арзандаған   пәтер алуға келгенін айтты.  Бұл туралы NUR.KZ хабарлады. 

«Мен арзан пәтер сатып алу үшін арнайы бір күн бұрын ерте келдім. Білуімше, ЭКСПО-дан соң пәтер бағасы да түсіп кеткен. Саш, өзіңе пәтер алдың ба? Олардың қабырғаларында жарықтар болса да, бағалары өте арзан", - деп әзілдеді Светлаков.

«Екі пәтер сатып алдым. Олардың үстіне тағы қосып береді", - деп жауап берді ресторатор Александр Орлов. Шоумен ЭКСПО қарсаңындағы дүрбелеңді де есіне алды. «Таңертең ұшып келгенде әуежайдың быт-шыты шығып жатқан. Кешке қайтарда тіпті асфальт төселіп қойған. Ағаштар жайқалып тұр. Жай ғана ағаштар емес, құстардың ұясы бар ағаштар. Бір күннің ішінде бұл қалай болғаны? Бұл елордадағы ғажайыптардың бірі», - дейді әзілкеш. Айта кету керек, ұйымдастырушылар мейрамхананың мерейтойына орай арнайы қолтырауын әкеліп, қонақтардың көңіл-күйін көтерді. Светлаков мейрамханасының мерейтойлық менюі де ерекшелінді. Қонақтар бөтелкесі 2 млн теңге тұратын коньякты көріп таң-тамаша болады.