Жаңалықтар

Джон Кеннедиге қатысты құпия құжаттар жария етілді

ашық дереккөзі

Джон Кеннедиге қатысты құпия құжаттар жария етілді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлттық архивтің сайтында Американың 35-ші президенті Джон Кеннедидің өліміне қатысты 2,8 мың құпия құжатты жария ету туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Ақ үй баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press-ке сілтеме жасап. Трамп атап өткендей, АҚШ билігі көпшіліктің тарихты өзгерткен оқиға жайлы толығырақ білуі үшін президент Джон Кеннедидің өліміне қатысты құжаттарға қолжетімділікті қамтамасыз етпек. Америка көшбасшысы бірқатар ведомстволардың талаптарына сәйкес, бұл тақырыпқа қатысты басқа да материалдардың құпия сақталатынын нақтылады.  «Біздің ұлттық қауіпсіздігімізге зияны тиіп кетпеу үшін осындай тоқтамға келдік», - деді Трамп. Аталған құжаттар АҚШ Ұлттық архивінің сайтында жариялана бастады және бұл процесс бір апта бойы жалғасады. Айта кетейік, Джон Фицджералд Кеннеди 1917 жылдың 29 мамырында Бруклайнда (АҚШ, Массачусетс штаты) дүниеге келген. Ол 1960 жылы 43 жасында АҚШ тарихындағы ең жас президент болды.  1963 жылдың 22 қарашасында Далласқа (Техас штаты) жасаған сапары кезінде өлтірілген еді. Үкіметтік комиссия президентке Ли Харви Освальд жалғыз өзі қастандық жасады деген қорытындыға келді. Алайда, ресми нұсқаны АҚШ жұртшылығы қабылдамады. Себебі сарапшылар жинаған деректе президентке әр түрлі нүктеден алты рет оқ атқаны көрсетілген еді.