Сан ғасыр сыйлас болған ағайын

Сан ғасыр сыйлас болған ағайын

Сан ғасыр сыйлас болған ағайын
ашық дереккөзі
Биыл Қазақстан мен Өзбекстанның достығына ширек ғасыр толды. Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан басшысы Ислам Каримов киелі Түркістан төрінде, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында тарихи келісімге қол қойып, қазақ пен өзбектің тереңнен тамыр тартқан достығын құжатпен бекіткен еді. Содан бері аты бөлек болғанымен, ділі мен діні бір, тілегі ортақ екі елдің бірлігі ажыраған емес.  Керісінше Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық, әлеуметтік ынтымақтастық одан әрі нығая бермек. Стратегиялық серіктестер алдағы уақытта экспорт пен импорт көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Өткен аптада Ташкенттегі бизнес форумда екі елдің іскер азаматтарының басқосуына себеп болған да осы. Ташкентте өткен кездесу барысында екі елдің кәсіпкерлері бірлесіп сауда-эконмикалық байланысты одан әрі нығайту мен өзара бірлескен кәсіпорын ашу жөніндегі бірқатар уағдаластыққа қол қойды. Металлургия, машина жасау, химия, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп негізгі қозғаушы күшке айналмақшы. Бұл келісім екі ел арасындағы тауар айналымының еселеп артуына негіз болмақ. Атап айтсақ, көрші елдің нарығына қазақ трансформатор экспорты ұлғайып, алғашқы 1 000 тонна пластикалық және алюминий профильдері жеткізілетін болып келісілді. Шыршық трансформатор зауытының экспорт жөніндегі менеджері Эльдар Бекмұратовтың айтуынша, «Узэлектр», «Ташэлектроаппарат» секілді компаниялар көптен бері елімізден трансформатор алу туралы келіссөз жүргізіп жүрген.  Келіссөздердің нәтижесі – Ташкентте қол қойылған келісімшарт. Құны 6 млн долларды құрайтын келісім 2018-2020 жылдары орындалады. Сондай-ақ, форумда  алғаш рет Өзбекстанның әскери және құқық қорғау органдарына арналған киім-кешек пен арнайы құрал-жабдықтарды жеткізу мәселесі талқыланды. Бұл тізімге фармацевтика мен мақта шаруашылығын дамыту, астықты терең өңдеу мен жаңа ғарыштық мүмкіндіктер сияқты жаңа бағыттар да қосылды. Кәсіпкерлер форум қорытындысы бойынша жалпы құны 18 млн доллар болатын экспорттық келісімшарттарға қол қойды. Тауарлардың алғашқы легі көрші елге келесі айдан бастап жеткізілетін болды. Азия Даму Банкінің  мәліметтеріне сүйенсек, соңғы 4 жылда Өзбекстанның импортындағы Қазақстан үлесі 9,6 пайызға өскен. Қазақстанның импортындағы Өзбекстан үлесі де артып келеді. Өткен жылы арадағы тауар айналымы 1,5 млрд  доллардан асты. Ал соңғы алты айда екі ел арасындағы сауда көлемі 30 пайызға өсті. Ендігі мақсат – 2020 жылға дейін Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізу. Осы орайда Қазақстан тарапы Өзбекстанның ұлттық валютасын қайта құрылымдау саласындағы реформалары екі-жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң әсерін тигізетініне сенімді. Екі мемлекеттің бизнес құры лымдарынан өзара инвестициялар көлемін арттыру бағытында да байыпты істер көп. Қазақстан 2012 жылдан бері Өзбекстанға бағыттаған инвестициясының көлемін 5 есеге  ұлғайтты. Өз кезегінде бұл көрші мемлекет осы жылдың бірінші тоқ санында 4,4 млн доллардан астам тікелей инвестициялар жіберді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден асып түседі. Осы орайда, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық екіжақты өзара тиімділік қағидаттарына негізделгенін айта кеткен жөн. Өзбекстанда 124 кәсіпорын Қазақстанның қатысуымен жұмыс істеп тұр. Олардың 28-інде қазақстандық капиталдың үлесі – 100%. Ал біздің елімізде өзбек кәсіпкерлерінің қатысуымен шамамен 900 кәсіпорын жұмыс істеуде. Олар сауда, құрылыс, тамақ, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, металл өңдеу салаларында өз қызметтерін жүзеге асырып келеді. Бүгінде сауда-экономикалық байланыстарды дамыту бағытында Бірлескен үкіметаралық комиссия табысты жұмыс істеуде. Биыл Қазақстан-Өзбекстан шекарасында қосымша екі өткізу бекеті іске қосылды. Бұған қоса, Астана-Ташкент бағытына қосымша екі әуе рейсі ашылды. Сондай-ақ, Ал маты мен Ташкент арасында жолаушылар тасымалдайтын жүрдек пойыз қатынауда. Мұның барлығы өзара барыс-келісті, мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыруға, туризмді дамытуға мүмкіндік беруде. Осы арада еңбек миграциясы екі ел байланысында маңызды факторға айналып отырғанын да айтуымыз керек. Қазақстан мен Өзбекстанның транспорт инфрақұрылымы саласындағы тығыз байланысы транзиттік дәліз орнатып, сауда мен инвестицияның бүкіл мүмкіндіктерін пайдалануға және Орталық Азия аймағын қоса алғанда өзара қарым-қатынасты дамытуға жағымды жағдай жасайды. Бүгінгі таңда Орталық Азия халықаралық энергетикалық және транспорттық жобалардың негізгі көзіне айналып отыр. Транспорт пен коммуникация және су-энер гетика саласын қамтитын жергілікті үлкен жобаларды жүзеге асыру үшін бірлескен белсенді іс-қимылдар қажет.  Орталық Азия мемлекеттерінің ықпалдастығы қауіпсіздік пен аймақтың көркеюін қамтамасыз етеді. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың іргетасы берік екенін ескерсек, Қазақстан мен Өзбекстан аймақтық бірлескен ұйым құру жөніндегі жоспарын қайта қарауға мүмкіндік бар. Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азиядағы маңызды мемлекеттер. Екі елдің су-энергетика, Арал теңізі, бірлескен инфрақұрылым жобасы және Ауғанстандағы жағдайды реттеу жөніндегі ұстанымдары ұқсас. Екіжақты серіктестіктің да муында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы жеке қатынастарының орны ерекше. Өзбекстан Республикасы президентінің 2017 жылдың наурызындағы Астанаға мемлекеттік сапары кезінде, саяси, сауда-экономикалық байланыс-коммуникациялық және мәдени-гуманитарлық салалар дағы он үш мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. Ауыл шаруашылығы, автокөлік өндірісі және текстиль саласы бойынша, жалпы сомасы шамамен 1 млрд долларды құрайтын 75 келісімшарт жасалды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге іс-сапары аясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы екі ел басшысының кездесуінде Қазақстан Респуб лика сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Кәсіпкерлер де, біз де жұмыс жасаймыз. Қазақстандық және Өзбекстандық бірлескен автокөлік, жүк көліктерінің өндірісі басталды. Алғашқы тоқсанда тауар айналымы 37 пайызға көтерілді. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды тіркелмеген. Барлық келісімдерге сәйкес бірге жұмыс жасаймыз», – деген болатын. Қазіргі таңда GM-Uzbekistan автокөліктерін құрастыруды ұйымдастыру бойынша жобаны жүзеге асыру Қостанайда қарқынды түрде жүргізілуде. Онда аспалы және тіркемелі техника өндірісі жүзеге асырылып, жүкті өзі түсіргіш шанағы мен жартылай тіркеме жиынтығының жетпіс төрт бірлігі тапсырылды. Бауырлас елдердің достығы туристік байланыстардың дамуына да жол ашты. Жуырда қазақстандық туристік қауымдастық Өзбекстан қалалары Ташкент – Бұқара – Самарқан − Шымған мен казақстандық қалалар Түркістан – Шымкент – Тараз – Алматы арасында туристік дәліз құруды ұсынған болатын. «Бірігіп пішкен тон келте болмас» дейді қазақ. Екі елдің бірлесе кіріскен бастамалары жемісті боларына сенім мол.