Бішкектегі Қазақстан елшілігінің алдында наразылық шарасы өтті

Бішкектегі Қазақстан елшілігінің алдында наразылық шарасы өтті

Бішкектегі Қазақстан елшілігінің алдында наразылық шарасы өтті
ашық дереккөзі
Бішкектегі Қазақстан елшілігінің алдында 20-25 адам қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты акция өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
 "Шын мәнінде, бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30 кезінде Бішкектегі Қазақстан елшілігінің жанында 20-25 адамның қатысуымен пикет өтті. Акцияға қатысушылар елшілік қызметкерлеріне Қазақстан басшылығының атына қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы жазылған петиция тапсырды", — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Олардың атап өтуінше, қырғыз халқы екі елдің шекарасындағы жағдай туралы теріс ақпараттандырылған.

"Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшылары 18 қазанда Астанада өткен кездесуде бірінші кезекте шекарадан жеке жүгі бар адамдарды, жолаушы автобустарын, жеңіл автокөлікерді, бос жүк көліктерін өткізу туралы келісімге келді. Бұл келісім орындалып жатыр", — деп еске салды Сыртқы істер министрлігі.

"Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 25 қазанда Ереванда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Қазақстанның өз шекарасында бақылауды  күшейту себептері бойынша толыққанды жауап берді", — деп қосты министрлік.