Оралда ойын-сауық клубы өртенді

Оралда ойын-сауық клубы өртенді

Оралда ойын-сауық клубы өртенді
ашық дереккөзі
Оралда Жайық өзеніне жақын орналасқан «Шале» атты ойын-сауық клубы отқа оранды, деп хабарлайды 24.kz.  Оқыс оқиға туралы хабарлама өрт сөндіру қызметіне күндіз сағат 13:40 шамасында түскен. Алайда жану жағдайы бұдан біраз уақыт бұрын басталған. Апатты ауыздықтауға төтенше жағдай департаментіне қарасты қалалық өрт сөндіру жасағының жеке құрамы толықтай және газбен қамту қызметінің мамандары жұмылдырылды. Куәгерлердің айтуынша, өрт кезінде газ баллоны жарылған. Оқиғаның негізгі себепкері де осы газ баллоны болуы мүмкін. Күшті желдің салдарынан өрт аумағы тез ұлғайып, ғимарат түгел өртеніп кетті. Абырой болғанда адамдар аман. Қазір жедел құрылған арнайы тергеу тобы оқиғаның себептерін анықтауға кірісті.