Тегін дәрілер тізімі көбейді

Тегін дәрілер тізімі көбейді

Тегін дәрілер тізімі көбейді
ашық дереккөзі
Елімізде тегін дәрі-дәрмек тізімі кеңейтіліп, 59 жаңа дәрі-дәрмекпен толықты. Барлығы 256 дәрілік зат диспансерлік есепте тұрған 2 миллионнан астам адамға беріледі.   ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына арналған дәрілік заттардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрық шығарды. Аталған бұйрық 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Белгілі бір ауруды емдеуге тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізбесі былтырғыға қарағанда молайды. Атап айтқанда, артериалдық гипертензия, асқазанның ойық жарасы, тыныс демікпесі, қатерлі ісік аурулары, туберкулез, гематологиялық аурулар, гемобластоздар, аплазиялық анемия, балалардың церебралдық сал ауруы, псиxикалық сырқаттар, АИТВ инфекциясы сияқты басқа да 48 ауру түріне тегін берілетін дәрілер тізбесі бар. Бұлардың қатарына жаңадан Бехтерев ауруы қосылды. Омыртқаның қимылсыз қалуымен сипатталатын созылмалы дертке шалдыққандар енді қажетті дәрілерді тегін ала алады.