Кенесары хан туралы құнды мұра

Кенесары хан туралы құнды мұра

Кенесары хан туралы құнды мұра
ашық дереккөзі
Таяуда Кенесары Қасымұлы туралы 40 құжат Омбыдан елге жеткізілді. Кенесары хан туралы тың деректер Астанадағы көрмеге қойылғанын айтуға тиіспіз. Кенесары ханның  өміріне қатысты құжаттардан бөлек көпшілік назарына Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным туралы бұрын кездеспеген құжаттар да әкелінді. Омбы облысы тарихи мұрағатындағы Азамат соғысын зерттеу орталығының жетекшісі Галина Бородинаның айтуынша, қазақ халқының тарихы үшін маңызды құжаттарды зерттеушілер алғаш рет көпшілік назарына ұсынған. Қазақ тарихында елеулі орны бар тұлғаларға қатысты ең қызық деректер іріктелді. «Бұл құжаттар осы күйінде алғаш рет көрсетіліп отыр, себебі олардың басым бөлігі «айрықша құнды» мәртебесіне ие болған еді. Кеңестік кезеңде бұл құжаттар зерттеушілердің қолына тие бермейтін. Қазіргі кезде көрмеде көрсетілген тұлғалар жайындағы мәліметтер қазақ халқы тарихы үшін маңызды екенін түсіне отырып, енді құжат зерттеушілер үшін ашылуда. Біздің мұрағатта Кенесары хан туралы бар мәліметтердің бір бөлігін сканерден өткіздік. Құжаттар аз емес, себебі оның қолбасшылығымен қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрес ұзақ уақытқа жалғасты. Біз осы деректерден ең қызықтыларын іріктеп алдық», – деді Галина Бородина. Оның сөзіне қарағанда, мұрағатта казак отрядтарымен қақтығыстар туралы да ақпараттар сақталуда. Бұл құжаттардың ішінде Ақмола мен Омбының ескі картасы бар. 10-15 беттен тұратын 40 құжат Астана қаласының мемлекеттік мұрағатына тапсырылды.