Әліпби – ұлт болашағының негізі
Әліпби – ұлт болашағының негізі
Дөңгелек үстелде бас қосқандар латын әліпбиіне көшу ана тіліміздің одан ары дамуына және оның қолданылу аясының кеңеюіне әкеледі және түркі тілдес халықтарының барлығымен жақындастырады деп санайды. Бұдан басқа қазақ тілінің айтылу ерекшелігі, айтылу заңдылықтары да қалпына келетініне сенімді. Аталмыш іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Б.Шалабай, доцент С.Жәнбек, доцент А.Есмағұлов және тарих ғылымдарының кандидаты, доцент ТЖ бойынша проректоры А.Сейтқасымов және университет студенттері қатысты. А.Есмағұлов: «Мысалға мен өзім латын тілінде 30 жылдары шыққан шешемнің кітаптарын еркін оқи аламын, түсінемін. Менің ойымша, қазақ тілін білген, қазақ тілін түсінген әрбір азамат латын қарпін де түсініп, емін -еркін оқи алады», – дейді. Латын әліпбиіне көшу мәселесі әлі өз жалғасын табады. Бұл әлемдегі барлық қазақтарды біріктіретін ең маңызды факторлардың бірі.
Жадыра Жақсытай